Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
3766 2 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 10:41

Үкімет отырысы. Сүлейменов пен Біртановтың есебі

Кеше премьер-министрдің басшылығымен Үкімет отырысы өтті. Министрлер рет-ретімен мінберге шығып, есеп-қисаптарын оқыды. Аталған жиында ақтарыла сөйлеп, ақпаратын ұсынған Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың статистикасына көз жүгіртейік.

Тимур Сүлейменов

2017 жылы тұтынушылардан ұзын-ырғасы 23 мыңнан астам өтініші түскен. Өтініштердің басым бөлігі Ұлттық банктің 13 100 (55, 24%), Ұлттық экономика министрлігінің 4294 (18,11%), Денсаулық сақтау министрлігінің адресіне — 5096 (21,49%)  келіп түскен.түскен.

Мәселелердің сипаты бойынша өтініштердің басым бөлігі қаржылық қызметтер – 13 148 (55,45%), денсаулық сақтау — 5020 (21,16%), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы — 4000 (13%), бөлшек сауда — 1798 (7,58%) салаларына тиесілі.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мәліметтері бойынша, өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтар туралы 23 673 өтініші келіп түскен. Қызмет салалары бойынша, көпшілігі тұрмыстық қызмет көрсету — 8404 (36%), бөлшек сауда — 5181 (22%), байланыс қызметтері — 5353 (22%), ТКШ қызметтері — 2064 (9%) құрайды.

Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2017 жылы тұтынушылардың 50 мыңға жуық өтініші қабылданған. Оның ішінде мемлекеттік органдардың үлесіне өтініштердің 47,6%-і, қоғамдық бірлестіктерге 47,5%-і, жергілікті атқарушы органдарға 4,9%-і тиесілі.

Елжан Біртанов

Медициналық қызметтер тұрғысынан тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша 8,891 млн теңге сомасына 430 әкімшілік хаттамалар жасалды. Өткен жылы 229 жеке тұлға, 87 лауазымды тұлға және 23 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы 439 материал құқық қорғау органдарына жіберілді.

Өнімдердің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 1300-ден астам ұйғарым берілді, 1024 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 415 сот шешімі қабылданды, сауда кәсіпорындарында 40 тоннадан астам өнім сатылымнан алынып тасталды, жалпы сомасы 19,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды

Министрдің айтуынша, 34 мыңнан астам тамақ өнімдерінің үлгілері тексерілді, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі бойынша 2624 сынама анықталды, ол 8,3%-ті (2016 жылы — 10,4%) құрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткендей, халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттыру мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу нәтижелері туралы ақпарат үнемі жарияланып отырады.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары А. Лукин және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Р. Жүнісов баяндады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сақтандыру проблемалары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Оларды Ұлттық банкпен бірлесе отырып реттеу керек. Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көтерілген барлық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Бақылау жұмыстары Премьер-Министрдің орынбасары Е. Досаевқа жүктелді.

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2384
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1949
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574