Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
3438 6 пікір 3 Мамыр, 2018 сағат 08:39

Астана Ұлттық қор активін бұғаттан шығаруды қарап жатыр

Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев Брюссельде Қазақстан Ұлттық қорының сот бұғаттаған 22 миллиард доллар активін бұғаттан шығару, я шығармау мәселесі қаралып жатқанын хабарлады.

"22 миллиард доллар тұтас бұғатта қалады дегенге күмәнім бар. Жеке өз басым барлық сома бұғаттан шығарылады деп үміттенем. Егер ішінара бұғаттан босатылғанның өзінде, ол ақша Статилердің есебіне аударылады деген сөз емес. Бұл - қаржы Бельгиядағы сот түпкілікті аяқталғанға дейін бұғатта болады деген сөз",- деді Марат Бекетаев.

Оның сөзінше, әлемдік тәжірибеде ұлттық банктердің қаржысы бұғатталмайды.

Былтыр желтоқсанда New York Mellon банкі молдовалық бизнесмен Анатол Статидің Қазақстан үкіметіне қарсы арызы бойынша Қазақстан Ұлттық қорының 22 миллиард доллар қаржысы бұғатталғанын жария еткен.

Кейін Астана АҚШ банкінің Ұлттық қор активін бұғаттағанына наразылық білдіріп, Англия Жоғарғы сотына талап-арыз түсірген.

Қаңтар айында Қазақстан билігі Нидерланд соты Қазақстан Ұлттық банкінің "Ұлттық қордың New York Mellon банкіне кастодиалды сақтауға салынған активін бұғаттан босату туралы" талап-арызын қанағаттандырғанын хабарлаған.

Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салған Стати мемлекеттік органдар өзін "инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алғанын" айтады. Астана бұл айыптауды терістеп, Статиді "алаяқтық жасады" деп айыптайды. Әділет министрлігінің хабрламасында Қазақстанның бұған дейін Статиге қарсы арыз түсіргені айтылады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2018
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2013
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585