Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3301 0 пікір 1 Ақпан, 2011 сағат 04:28

ШЫҰ мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді

АСТАНА, 1 ақп - Қазақстан жаңалықтары АА. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өтеді, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемкеменің ақпаратына сәйкес саммит өткізу уақыты туралы шешім Қазақстан Республикасының төрағалығымен Пекинде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестірушілері кеңесінің (ҰҮК ШЫҰ) кезекті отырысында қабылданды.

«Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жылдығына арналған мерейтойлық саммитін 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады», - деп көрсетілген сейсенбіде таратылған хабарламада.

Осылайша, Астана саммиті ШЫҰ құрылған күні өткізілетін болды.

Қазақстан ШЫҰ өткен жылдың жазынан бастап төрағалық етуде.

0 пікір

Үздік материалдар