Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3508 0 пікір 1 Ақпан, 2011 сағат 04:24

НАТО-ның штаб-пәтерінде елші Е.Өтембаев Альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілімен кездесті

БРЮССЕЛЬ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде НАТО жанындағы Қазақстан миссиясының басшысы Ерік Өтембаев Солтүстікатлантикалық альянстың Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия жөніндегі жаңа арнайы өкілі Джеймс Аппартуаймен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан миссиясының басшысы арнайы өкілді Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жайлы хабардар етті. Е.Өтембаев Қазақстанның НАТО-мен екіжақты ынтымақтастығы аталып өтілген осы құжаттың халықаралық аспектілеріне тоқталып өтті. Атап айтқанда, тараптар Алматыда Ауғанстан мәселесі жөнінде арнайы донорлық конференция өткізу жөніндегі Мемлекет басшысының бастамасын талқыға салды.

Тараптар сондай-ақ Қазақстан мен НАТО қарым-қатынасының даму болашағын мен қазіргі жағдайын, сонымен қатар ортақ мүддеге ие аймақтық және халықаралық сипаттағы мәселелерді қарады.

Дж.Аппартуай Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қорытындысына жоғары бағасын беріп, біздің еліміздің орталықазиялық өңірдегі, сонымен қатар Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесінде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөніндегі  ҚР-мен арадағы бірлесен уағдаластықтардың алға басу қарқынын атап өтті. Ол Солтүстікатлантикалық альянс пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тұрақты әрі қарқынды даму үдерісін көрсетіп келеді деп атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар