Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3228 2 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:32

Ердоған ерте президент сайлауы өтетінін жариялады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған биыл 24 маусымда елде кезектен тыс президент және парламент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 18 сәуірде Анкарада өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Ердоған бұл шешімді Ұлттық қозғалыс партиясының лидері Девлет Бахчелимен кездесуден кейін қабылдағанын айтты. Бахчели 17 сәуірде ел парламентінде ерте сайлау өткізуді ұсынған.

Ердоған "Түркия тез арада президенттік басқару жүйесіне өтуі керек. Ескі басқару жүйесі жұмыс істеуге кесірін тигізеді. Сондықтан елде уақытынан бұрын сайлау өткізу қажет" деді. Түркия президенті ел үкіметін ерте сайлауға дайындықты қазірден бастауды тапсырды.

Елде сайлау 2019 жылы қарашада өтуі тиіс еді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2088
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2505
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2162
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1614