Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3254 0 пікір 29 Қаңтар, 2011 сағат 13:33

Сымбат Сұлуова. Азиада. Қазақстан алдыңғы үштіктен үмітті

Астанадағы «Думан» қонақүйінде Малайзия, Қытай және Қазақстан Олимпиада комитетінің өкілдері баспасөз конференциясын өткізді. Сайысқа  шорт-трек, шайбыл хоккей және мәнерлеп сырғанаудан ғана спортшылар әкелген Майлайзиялықтар жүлделі орыннан аса дәмелі емес. Ал Қытай мен Қазақстан өкілдерінің айтары көп болды.

Алдымен жазғы Олимпиада ойындарында оза шапқан Қытай өкілі Жао Жинганг сөз алды. Олар Азия ойындарына  129 жүйрігін баптап қоспақшы, оның 62-сі әйелдер.  Ару қыздарға Астананың қытымыр аязында құрметті қонақтарды гүл шоғымен қарсы алғаны үшін алғысын жаудырған Жао мырза Қытай құрамасы негізінен жастардан құралғанын жеткізді. 66 спортшы қысқы Азия ойындарында алғаш рет бақ сынағалы отыр, 85 спортшы Ванкувердегі Олимпиада ойындарынан сырт қалған. Құраманың орта жасы 24, бұл Аспантау елі ақ Азиадаға жасөспірім спортшыларды аттандырды деген сөз. Ванкувер Олимпиадасынан соң қытайлық тісқаққан спортшылар үлкен спортпен қоштасқан, сол себепті  көршілеріміз жастардан жүлде күтуге мәжбүр.  7-і қысқы Азия ойындарындағы басты қарсыластар қатарына Қазақстан, Корея, Жапония сынды алыптарды жатқызған Жао Жинганг Қытайдың да жоғары орыннан көрінетініне бек сенімді.

Журналистер сұрағына Қазақстан Олимпиада комитетінің өкілі Елсияр Қанағатов та жауап берді. Ол ұлттық құрама үздік үштікке енуге және шаңғы, биатлон, шаңғымен бағдарлау спортынан алтын алуға үмітті екенімізді айтады. 162 спортшы ел намысын қорғауға сақадай-сай.  «Азияның азулы спортшылары Түркияда өтіп жатқан Универсиадаға және қысқы спорт түрлерінен әлемнің әр түкпірінде жалауы желбіреген жарыстарға  аттанды деген сөздің шындыққа қатты жанаспауы мүмкін. Себебі, Азиадаға сары құрлық мемлекеттері атүсті қараған емес» деп қысқа қайырған Қанағатов мырза ел спортшыларына сәттілік тілеуді де ұмытқан жоқ.

Ертең сағат 18.00-де талай жыл күткен Ақ Азиаданың ашылу салтанаты өтеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір