Жұма, 26 Сәуір 2024
2847 0 пікір 18 Сәуір, 2018 сағат 09:13

Telegram адвокаттары соттың бұғаттау шешіміне қарсы шағымданды

Telegram адвокаттары мессенджерді тез арада бұғаттау жөніндегі сот шешіміне қарсы шағымданып жатыр. Заңгерлердің пікірінше, сотта бірде-бір нақты дәлел айтылмаған. Осылай деп "Агора" адвокаттар тобының өкілі Павел Чиков мәлімдеді.

Роскомнадзордың әрекетіне қарамастан, бұғаттаудың бірінші күні Ресейдегі Telegram қолданушыларының саны азайған жоқ. Бұл туралы мессенджердің иесі Павел Дуров айтты. Оның сөзінше, ресейліктер бұғаттауды айналып өту үшін VPN мен прокси-сервер қолданып жатыр.

Telegram-ды Ресейде Федералды қауіпсіздік қызметіне қолданушылар хаттарының шифрлау кілтін бермегені үшін бұғаттап жатыр.

16 сәуірде Ресейде сот шешімімен Telegram мессенджері бұғаттала бастаған. Роскомнадзор сонымен бірге тыйым салынған сайттарға кіру құралдарын да бұғаттайтынын мәлімдеді.

7 сәуірде Роскомнадзор Ресейде тыйым салынған Telegram мессенджерін App Store мен Google Play интернет дүкендерінен өшіруді де талап етті.

Ресей бойынша Telegram қолданушыларының саны - 15 миллион. Бұл әлемдегі месенджерге тіркелгендердің 7 пайызын құрайды.

Abai.kz

0 пікір