Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3336 0 пікір 29 Қаңтар, 2011 сағат 13:19

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Н Назарбаев ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөнінде кеңес өткізді

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, республика өңірлерінің әкімдері, Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуді өткізуге дайындық жасау мәселесі, мерейтойды өткізудің тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспары талқыланды.

- Бүгін мен жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды баян еттім. Жолдауда алдағы жылға арналған мемлекеттік саясаттың нақты басымдықтары айқындалған. Биылғы жылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытқа ие. Сондықтан онда біздің азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қатысты шаралардың үлкен блогы көрініс тапқан, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев, кеңесті аша отырып.

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Премьер-Министрдің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, республика өңірлерінің әкімдері, Қазақстанның министрліктері мен ведомстволарының басшылары қатысты, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Кеңес барысында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуді өткізуге дайындық жасау мәселесі, мерейтойды өткізудің тұжырымдамасы мен іс-шаралар жоспары талқыланды.

- Бүгін мен жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды баян еттім. Жолдауда алдағы жылға арналған мемлекеттік саясаттың нақты басымдықтары айқындалған. Биылғы жылғы Жолдау негізінен әлеуметтік бағытқа ие. Сондықтан онда біздің азаматтарымыздың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға қатысты шаралардың үлкен блогы көрініс тапқан, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев, кеңесті аша отырып.

Жолдауда экономиканың индустриалдық-инновациялық дамуы жөнінде жаңа міндеттер қойылды. Оны іске асыру дағдарыстан кейінгі дамудың маңызды басымдығына айналады.

Мемлекет басшысы Үкіметке, әкімдерге, барлық мемлекеттік органдарға Жолдауды іске асыруға кірісуді тапсырды. Халықтың арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, азаматтардың басымдықтарды іске асыруға белсенді араласуына қозғау салу керек. Үкімет, Президент Әкімшілігі, әкімдер, депутаттар, «Нұр Отан» ХДП  Президент Жолдауда алға қойған міндеттерді іске асыруға кірісуді үйлестірулері қажет.

- Жолдауда мен еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселесін ерекше атап өттім. Тәуелсіздік - бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізгісіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Жасампаз, сенімді және қарқынды даму дәуірінен. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие. Және де біздің алдымызда бұл жылды жоғары ұйымдастыру және идеологиялық деңгейде өткізу міндеті тұр, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Президенттің тапсырмасы бойынша өткен жылы Үкімет жанынан Ұйымдастыру комитеті жұмыс істеп, Президент Әкімшілігімен, мемлекеттік органдармен, «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, дайындық жұмыстарын жүргізді. Тәуелсіздікті мерекелеудің тұжырымдамасы мен тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді.

Кеңес барысында «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өткізу жөніндегі тұжырымдама мен іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев баяндама жасады.

Іс-шаралар жоспарында «Нұр Отан» ХДП, Қазақстанның азаматтық альянсы желілері бойынша әртүрлі акциялар өткізу қарастырылған. Азаматтық қоғам институттары мерейтойлық жылды өткізуде азаматтық қоғамды кеңінен тартуды қамтамасыз етуге шақырылды. Жоспарда барлық өңірлер қамтылатын бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Мысалы, «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы. Әрбір тақырыптық бағыттардың аясында өңірлерде әртүрлі бағыттағы акциялар өткізілетін болады.

Жоспардың аясында 30-ға жуық мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу көзделген. Басты мәдени оқиғаның қатарында - Халықаралық әйелдер күні, Наруыз мейрамы, Елорда күні, Конституция күні мерекелеріне байланысты салтанатты концерттер өтетін болады. Оқиғаның шарықтау шегі 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай салтанатты концертке ұласады.

Мәдениет министрлігінің желісі бойынша көрмелер мен экспозициялар ұйымдастыралады, Тәуелсіздік тақырыбына арналған музыкалық және көркем шығармалар байқаулары жарияланып, қортындысы жыл соңында шығаралады.

Мерекелік бағдарламада жастардың бастамаларын қолдауға және іске асыруға ерекше назар аударылған. Ең мәнді акция «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» қанатының жастарының ұйымдастыруымен өткізіледі. Олардың арасындағы ірі шаралары: «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», «Ерлік даңқы өшпейді», «Дипломмен ауылға». Бұл жобалармен қатар жастар волонтерлер ретінде мерекелік бағдарламаға белсенді қатыстырылады.

Ғылыми институттар желісі бойынша ғылыми-практиалық конференциялар, форумдар өткізу, кітаптар шығару шаралары іске асырылады.

«Нұр Отан» ХДП желісі бойынша жыл бойына Тәуелсіздік тақырыбына аналған бірқатар акциялар іске асыралатын болады. Олардың арасында - «Менің табысым - Отанымның табысы», «Елдік үшін, ел үшін», «Ел қазынасы», «Тәуелсіздік құрдастары».

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру кезінде іс-шаралар бағдарламасына халықты жер-жерден және кеңінен тартуды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Әрбір қазақстандық мерекелік көңіл-күйді бастан өткеріп, басты оқиғаға өздерінің де қатыстары барын сезінулері маңызды.

2011 жыл - бұл Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тарихи мәре. Бұл жылға ерекше мәртебе беру үшін ол ресми түрде Президенттің Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы» деп жарияланды.

Биылғы жыл «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деген ұранмен өтеді.

Еліміздің мерейтойын жоғары деңгейде өткізу және тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында, Мемлекеттік хатшы басшылық жасайтын «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия» құрылды. Оның құрамында Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері, Парламент депутаттары, әкімдер, қоғамдық құрылымдардың өкілдері бар.

Комиссия барлық мүдделі тараптарды - мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және бизнес өкілдерінің күш-жігерлерін топтастыруды қамтамасыз етуі керек.

Мерекенің тұжырымдамасы мен тиісті іс-шаралар жоспарына қатысты.

Негізгі идея - әрбір айды белгілі бір тақырыпқа арнау, сондай-ақ 16 желтоқсан қарсаңында шарықтау шегіне жеткізу.

- Әртүрлі бағыттар бойынша үлкен жұмыс көлемі жоспарланған. Оларды орындау қажет. Осы ретте, формализмді, бір сарындылықты, артық даңғазалықты ойдан алып тастау керек. Әрбір оқиға мәнді әрі мазмұнды болуы тиіс. Үкімет «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекелеудің мерейтойлық медалі туралы» Жарлық жобасын енгізуі қажет. Аталған медальмен Тәуелсіздікті нығайтуға, еліміздің қалыптасуына елеулі үлесін қосқан азаматтар марапатталатын болады, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жалпы алғанда, Үкімет тарапынан іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан. Мерекелеуге тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар да атсалысады.

Президент Үкіметке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірлесіп қазақстандық компаниялар тарапынан демеушілік қолдау көрсету мәселесін пысықтауды тапсырды.

Маңызды бағыт - бұл өңірлік деңгейде іс-шараларға дайындық жасау және оны өткізу. Әрбір өңірде Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу жөнінде өңірлік жоспарлар әзірленген. Ол жоспарлар мерекелеу тұжырымдамасына қатаң түрде сәйкес келіп, әр өңірдің ерекшелігін ескеріп, ортақ іс-шаралар жоспарына үйлестірілуі қажет.

Мерейтойлық жыл ­- жаңа өндірістер мен жаңа жұмыс орындары ашылатын, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар пайдалануға берілетін жыл болуы тиіс. Жергілікті жерлерде осы бағыттағы шараларды қарастыру қажет.

- Мен мерейтой ­­- бұл барлық елді мекендердің бірін қалдырмай ретке келтірудің жақсы мүмкіндігі екенін бұған дейін де айттым. Олардың абаттандыруына үнемі назар аударып, жолдар мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ тартып, ауыз сумен қамтамасыз етіп, жасыл желекке айналдыру жұмыстарын қолға алу қажет. Жақсы бастамаларды іске асыру маңызды, мысалы, «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасын іске асырудағы Ақтөбе облысының тәжірибесін айтуға болады. Аталған бастама қазір жалпыұлттық сипатқа ие болды. Сондықтан мұндай бастаманы қолдау қажет. Халықтың толғақты проблемасын шешу - басты басымдық әрі сіздердің жұмыстарыңыздың көрсеткіші бола алады, - деп ата өтті Мемлекет басшысы.

Биылғы жылы Қазақстанның қазіргі тарихына арналған ғылыми еңбектер жарық көретін болады. Экономика мен әлеуметтік саланы реформалау, саяси жаңарту, сыртқы саясатты қалыптастыру, жаңа астана, қазақстандық патриотизм мен халықтың билігі, өңірлік интеграция : осының бәрі де жекелеген ғылыми еңбектердің жазылуына тақырып бола алады. Ғылыми институтар осы бағытта жұмыс жүргізулері керек.

Тәуелсіздік мерейтойы - шығармашылық интеллигенция өкілдері - жазушылар, музыканттар, суретшілер үшін үлкен қызмет алаңы.

Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеуге азаматтық қоғам институттары мен халықтың әртүрлі буынын кеңінен тартуды қажет етеді.

Бұл жұмысты басқаруда «Нұр Отан» ХДП ерекше рөл атқаруы керек. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясына да міндеттер жүктелді.

Қазақстанның азаматтық альянсы желісі бойынша бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдарды белсенде түрде тарту қажет. «Атамекен» кәсіпкерлер одағымен тығыз жұмыс жүргізу керек. Жастармен жұмыс істеуге барынша көңіл бөлінуі тиіс. Жастар бірлестіктерінің бастамаларына қолдау көрсетіп, оларға практикалық тұрғыда көмек беріп, маңызды іс-шараны өткізуге кеңінен тарту қажет. Тәуелсіздіктің құндылығын насихаттау жөнінде оқу орындарында белсенді жұмыстар жүргізу керектігі туындайды. Осының бәрі жастардың жағымды белсенділігін арттыруға, патриотизмге баулып, олардың Қазақстанның Тәуелсіздігінің құрылысына ортақ екендіктерін сезінулеріне септігін тигізуі тиіс.

- Тәуелсіздік - бұл болашақ ұрпақтарға қалдыру үшін көздің қарашығындай сақтайтын және нығайтатын, біздің басты игілігіміз. Еліміз өзінің дамуының 20 жылы ішінде қол жеткізгеннің барлығы Тәуелсіздіктің арқасында келді және біз осыны ешқашан ұмытпауға тиіспіз. Бұл - өткендегі жетістіктеріміз туралы айтуға ғана емес, бұл ертеңгі күнге сеніммен қарауымызға себеп. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз Тәуелсіздік мерейтойын ең биік деңгейде өткізетінімізге сенемін, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

*** 
Кеңес барысында сондай-ақ өңірлерде үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламаны іске асыру мәселесі талқыланды.

2010 жылы 23 мың тұрақты жұмыс орнының ашылуымен, құны 800 млрд. астам теңгенің Индустриаландыру картасы пайдалануға берілді.

- Жаһандық дағдарыстың біздің еліміздің экономикасына ықпал етуіне қарамастан, біз тек экономикалық өсімді сақтап қана қойғанымыз жоқ, қаржылық жүйені және өткен жылдары қабылдаған барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтап қалдық. Біз экономика мен мемлекетті дамытуды басқаруда жүйелі және терең өзгерістерді бастадық. Бұл туралы мен Қазақстан халқына Жолдауымда толық айтып өттім, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жедел экономикалық жаңарудың негізінің бірі - индустриалдық жобаларды мемлекеттік қолдау айқындалды. Мемлекеттік - жеке меншік әріптестіктің бірегей құралы - Индустриаландыру картасы іске қосылды. Картадағы әрбір жобаға мемлекеттік органдардың басшылары дербес жауапкер ретінде бекітілді. Әрбір жобаның мемлекеттік қолдау шарасы аясында ресурстық және сұраныстық қамтамасыз ету мәніне сараптама жүргізілді. Бұл үшін Үкімет өндірістік қуаттылықты орналастыру схемасын әзірлеп, бекітті.

Президент ауылға арналған кредит мәселесіне ерекше назар аударды.

- Елді мекендерде Қазақстан халқының шамамен тең жартысы тұрады. Еліміздің жетістікке жетуі ауылдың даму қарқынына байланысты. Осы саланы реттеу, микрокредиттік жүйеге қол жетімділікті құруға күш-жігерді бағыттау керек, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ әкімдерге баға және тарифтер жағдайын тұрақтандыру жөнінде нақты шараларды қабылдау, коммуналдық инфрақұрылым жөніндегі мәселені пысықтау туралы тапсырма берді.

 

0 пікір