Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3158 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 07:12

Ерлан САИРОВ, саясаттанушы: Референдумнан кейін саяси модернизация басталуы қажет

Саясат тынысындағы солығы басылмай тұрған тақырыптың референдум екенін республика жұртшылығы біліп отыр. Кеше ғана Конституциялық кеңес парламент қабылдаған «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның Ата заңға сәйкестігін қарады. Естеріңізде болса, бұл турасында Елбасының өзі өтініш білдірген болатын. Осы және басқа да сұрақтар турасында саясаттанушы Ерлан Саировпен сұхбаттасқан едік.
- Президент референдумға қатысты «барлық «иә» және «қарсы» деген пікірлерді таразылай отырып, халық пен мемлекет мүддесін ескере отырып, халық үшін қажетті шешім қабылдаймын», -  деп еді. Сіздің бағамдауыңызша, халық үшін қажетті шешім қандай болуы керек?
- Бұқараның басым көпшілігі Елбасына деген өз ниетін білдіріп қойды. 5 млн.-нан астам қол Назарбаевтың саясатын ары қарай жалғастыру жөніндегі аманаты деп білу қажет. Халықтың осындай аманат беруінде көптеген алғышарттар бар.
Біріншіден, бас-аяғы 20 жылдың ішінде Қазақстан тәуелсіз және табысты мемлекет ретінде қалыптасып үлгерді. Табысты мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуын Назарбаевтың «жеке жобасы» деп білу қажет.
Екіншіден, Қазақстан - тұрақсыз әлемдегі тұрақты мемлекет. Бұл да Мемлекет басшысының ішкі саясатының жемісі. Оны алысқа бармай-ақ, айналадағы мемлекеттердің мысалынан  көруге болады.

Үшіншіден, біз алмағайып өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз. Өзгерістердің өзінің формасы, былайша айтқанда болжамға жатпайтын жаңа саяси қауіптер алып келуі ықтимал.
Осының барлығы қоғамды топтастыруды талап етіп отыр.   Сондықтан, саяси талқыдағы  «иә» және «жоқ» деген екіұдай пікірді  таразылай келе, референдумның өтетініне  болжам жасауға  болады.
- Былайғы жұртқа референдум мен сайлаудың арасындағы айырмашылық тым қарабайыр түсіндіріліп жатқан сияқты. Расында, дәл осы сайлаудың алдында референдум мәселесі көтерілгені уақыт тұрғысынан ұтымды болды деп ойлайсыз ба?
- Президенттің саясатын елдегі саяси палитраның барлық өкілдері қолдап отыр. Олар - консерваторлар, либералдар, патриоттар, т.б. Биліктің «Назарбаевқа балама жоқ» деген идеологемасы жай сөз емес, халықтың басым көпшілігінің әлеуметтік тапсырысы. Себебі, Назарбаев пен оның командасы халықтың басым көпшілігін қанағаттандыратын демократияның ұлттық моделін жасай білді. Онымен текетіресіп көрген қарсыластар «сырттан сана» әкелу тактикасын ұстанған еді. Бұл тактиканы қолдағандар ұтылды, білесіздер. Өйткені, әрбір биліктің екі фунциясы болады - халыққа рух беру және ұйымдастыру. Ал бүгінгі билік  осы функцияларды  тапқырлықпен іске асырып отыр. Сондықтан халықтың басым көпшілігі осы саясаттың жалғасуын талап етіп жатыр.
Ал референдумның өзіне келетін болсақ, бізге табысты мемлекет ретінде көз алартып отырғандар көп. Олардың қатарына дағдарыстан кейін қайта оянып келе жатқан трансұлттық корпорацияларды, табиғи ресурстарымызғакөзінің сұғын қадап отырған мемлекеттерді қоса кетуге болады. Сонымен бірге елімізде саяси маргиналға айналған топтар бар екенін де білеміз. Бұған Ауғаныстаннан келе жатқан ислам фундаментализмін қосып көріңіз. Ал талибтер қатарының жартысы өзбек, басқасы тәжік екенін біреу білсе, біреу білмейді. Сондықтан, Орта Азия мемлекеттерінде «Ауғанстан-2012» деген ортақ күн тәртібі пайда болуы ықтимал.
- Ал енді 5 млн.-нан аса адамның қолын жинағанымен қоймай, қоғамдық күштердің коалициясын құру Елбасының шешім қабылдауына «қысым» ретінде көрінбей ме осы?
- Бұл жердегі мәселе басқада болуы ықтимал.
Елімізде жоғарыда айтқанымдай, Назарбаевқа балама жоқтығын оппозицияның өзі мойындайды. Ол тұрғанда, «Нұр Отанның» билік партиясы екендігіне де ешкім күмәнданбайды. Бірақ қоғамда Елбасының саясатын қолдағанымен, тактикалық тұрғыда өзінің «жеке пікірі» бар саяси күштер барын ескеру керек. Коалиция осы саяси топтардың көзқарасын қоғамға жеткізе білетін «диалог алаңы» болуы ықтимал. Саяси терминологияда «бір жарым партиялық» саяси жүйе деген ұғым бар. Тіпті Қытайдың өзінде көп адам ойлап жүргендей, тек Коммунистік партия ғана емес, басқа да саяси-әлеуметтік күштер ресми тіркелген және жұмыс атқарады.
Сонымен бірге референдум өтіп, Елбасының мәртебесі бекітілгеннен кейін елде экономикалық өзгерістермен қатар саяси модернизация жасау қажеттігін барлығымыз түсінеміз. Саясатта бос кеңістік болмайды. Қордаланып қалған мәселе көп. Жергілікті өзін-өзі басқару, аймақтық даму, елдегі көппартиялық... айта берсе, жеткілікті. Егер «Нұр Отан» партиясының менеджменті  осы проблемаларды коалиция аясында өзектендіре алса, оның «билік» партиясынан нағыз халықтық, көшбасшы партияға айналуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, коалиция елімізді саяси модернизациялаудың орталығы болуы мүмкін. Бұл әрине болжам ғана.
- Оппозиция бұл шараға қарсылығын көрсетуге талпынып жатыр. Олардың негізгі аргументтеріне қарсы қоярыңыз бар ма?
- Біздегі оппозиция соңғы жиырма жылда адамдарды өзіне тарта алатындай бірде-бір әлеуметтік жобаны көрсете алмады. Менің ойымша, оппозицияның өзінде көзқарастар өзгеріп жатыр. Олар да осылай «Назарбаевсыз Қазақстан» идеясын көтере беретін болса, саяси маргиналға айналатынын түсініп отыр. Демек, оларға коалиция аясында жұмыс істеп, осы органды саяси модернизацияның алаңына айналдыруына барлық негіз бар.
- Еуроодақ пен АҚШ та референдумға қатысты ойларын анық білдірді. Бұл да жалпыға ортақ демократияның жарғысы бар дегенді білдіре ме, әлде...
- Әлемдік саясатта «қайта құру» үрдісі жүріп жатыр. Демократия деген идеологема саяси құндылық ұғымын жойып алды. Бұл процесс биполярлы әлем жойылып, АҚШ-тың бірден-бір ұлы держава болған күнінен басталды. Өткен ғасырда Батыстың барлық іс-шаралары «демократия үшін», «адам бостандығы» үшін деген ұраннан басталатын. Осы идеяларды адамзаттың басым көпшілігі қолдайтын. Бірполярлы әлем басталғаннан кейін демократия деген «өмір кеңістігін» кеңейтудің бір тармағы екені көрініп қалды.
Сондықтан, әрбір ел қазір демократияның  жеке ұлттық формасын жасауға тырысуда. Біздің ел де осы кезеңді басынан кешіріп отыр десек, қате болмас. Референдум идеясы - осы үрдістердің айғағы.
Кейінгі жылдары БРИК деген ұғым пайда болды. Ол ХХІ ғасырда тұрақты даму жолына түскен Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытайдың саяси және экономикалық кеңістігін білдіреді. Ал осы елдердің өздеріне тән саяси институттары мен құрылымдары бар. Қазақстан қызық болғанда, БРИК елдерінің қақ ортасында тұр. Яки, біздің ел жаңадан құрылып жатқан геосаяси бірліктің терезесі тең мүшесі болуы ықтимал. Демек, референдум идеясы біздің демократияның «тақиясына тар келеді» деген ұғым сыртқы күштердің ғана салқын көзқарасы деп түсіну қажет тәрізді.

Сұхбаттасқан - Өркен КЕНЖЕБЕК,
арнайы «Абай.кз» ақпараттық порталы үшін

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2108
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609