Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Дін мен тін 3595 1 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 07:42

Жүзімізді Құбылаға бұруға шақырған жазушы-ғалым Мархабаев еді

 

«Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жыр патшалығына адал ақын, Есенғали Раушанов, «Қайрат» командасының басшысы, футболшы Сайлаубек Есімбеков (марқұм), саяси ғылымдардың докторы, профессор, сенатор Қуаныш Сұлтанов, Алматы қалалық Қажылар кеңесінің төрағасы, тележурналист Бақтыбай Айнабеков, Халықаралық Франс Кафка сыйлығының лауреаты, Тұманбайды жоқтатпай, белгілі мерейтойшыларға өлең арнаудың шебері, Шөмішбай Сариев... Осынау тізімді соза беруге болар еді. Алайда, бұлармен шектелуге итермелеген бір гәп бар. Қазіргі қоғамымызда танымалы тұлғаларға ортақ бір фактор, олар – алдарыңыздағы мақала авторының жерекшілігімен қорғаған Қазақ университеті журфагі дипломының иегерлері, жоғары білімді қаламгерлер. Оның үстіне, әр салада өз қарымдылығын көрсетіп жүрген атаулы азаматтарымыз осыншама биікке жетулеріне бірден бір, ғарыштану тілімен бейнелеп айтсақ, зымыран- жеткізгіш бола білген сол көп векторлы жураналистика  мамандығының кәсіби конондарын меңгере алғандықтары...»

( А. Мархабаев. «Жайсаң журналистер күтемін», «Алматы ақшамы» газеті, 26.06.2014 ж.)

 Бисмиллаһи Рахмани Рахим.

Абдул-Хамид Мархабаевты біз көрнекті ғалым, фантаст-жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор деп білеміз. Жазушы есебінде ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылған «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт», «Аспанға құлады да кетті», «Жарылқаушы...», «Тосын ғарышхат», «Шортан планетасы, сен кінәлісің», «Қызыл қия» тағы басқа көркем шығармалырын білсек, «Қолыңды әкел, келешек»,  «Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және...» «Қазақ фантастикалық әдебиеті. Жылнамалау, қарастыру, топтастыру, даралау, қисындау, дәйектеу», «Қазақ фантастикасының поэтикасы» атты монографиялары мен «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы арқылы ғалымдығын жақсы танимыз. Аударма кітаптары да баршылық,  өзінің де бірсыпыра шығармалары  басқа көрші елдер тілдеріне аударылған...

Жоғарыда біз үзінді келтіріп отырған мақаланы жазған  кезде Әбекең 76  жаста екен. Ұстаз ұлағаты!

Содан бері өзінің де өмірден өткеніне екі жыл болып қалған Әбекеңнің  80 жылдығын да жеңгеміз Мағрипа телефон соғып есімізге салмаса, мына түкке тұрғысыз жалғанда  дүниеде күнделікті мың сан тірлікпен жүріп естен шығарып ала жаздаппыз. Жарықтың, Әбекең болса 76 жасында ұмытпай уақыт тауып, біздей бейбақ шәкірттері туралы мақала жазыпты. Біз ше?..

Әбекең мен үшін мінезі жайлы, қасиеті бөлек жан. Даладай кең жайылған сол ілме мінезімен іліп сөйлеп отыратын болмысына әбден үйренгенмін. Сол ілме сөзіне ілесіп отырып көп қазынаға қанығып шығумен бірге, ғалым-қиялгер жазушының көп қазыналы сырына қанықтық.  Әр қалжыңының өзінде қиялға батырар тереңдік болатын. Мұны айтып отырғаным, «ғалым болған соң, олардың көп білуі заңды емес пе?» - дейтіндер де болуы мүмкін.  Ғалымардың көп білуі заңдылық болғанымен, Әбекең сол әріптестерінен оқ бойы озық жүретін. Осы жерде Абайдың; «Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз. Жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылымен біліп»- деген 45-ші қара сөзіндегі ескертпесі ойға оралады. Аса терең ойшыл данышпанның «жанымыздан ғылым шығара алмаймыз»- деген осы сөзін біздің көп ғалымдарымыз қабылдай алмайды. Тапқан жаңалықтарын «менікі, мен таптым, мен жаздым» -деп жатады. Ешбір адам баласы, мейлі ғалым болсын  өздігінен, өз ақылымен ештеңе жасай алмайды, бірақ сол құбылысты сезіп, біліп, көріп, іздену үстінде ақыл қуатымен танып немесе жаратушының сыйымен аян арқылы қабылдап, өмірге жаңалығын алып келеді. Мысалы ұлы химик Менделеевтің өзі химиялық элементтердің заңдылығын өзі қолдан ғылым жасаған жоқ, ол ғалам жаратылғалы бар құбылысты аян арқылы қабылдап, сол қабылдап алған құбылысын адамзат мойындаған ғылымға айналдырды. Ұлы ғалым басынан өткерген осы құбылысты өзі де мойындап, кейінгі ұрпаққа өнеге етіп қалдырып та  кеткен.

Бұл – ілім!  Ал біздің көп ғалымдарымыз, осыны мойындамайды. Көргеніне ғана сенеді, соны баяндап айтумен шектеледі. Сондықтанда Ілім әліпесі ілімшілерге; «Ғалымдар ілім қуалап отырады, ілім туралы айтады, бір-ақ өзіне сол жағдайды жасамайды» - деп ескертеді. Біздің Әбекең болса осы жұмбақ әлем тіршілігін ерекше терең ұғынуы арқасында, өз әріптестерінен бөлек көрінуші еді. Ғайып әлемі туралы әңгіме өрбісе  қанаттанып шығып келетін. Ол әлемді ынтамен ұғыну екі ғалымның  біріне берілмейтін бақ. Ол – ілім тілімен айтсақ деңгейді қажет етеді. Әбекең діни ілімге ерекше мән беретін,  оны мойындайтын. Менімше оның қиялгер жазушы болуы да түптеп келгенде осы ерекшелігінде.

Мен - ілімшімін. Ілім Жартушының бұйырумен қонатын қасиет. Маған осы қасиеттің қонғанын басқа жұрттан бұрын алдымен Әбекең байқады. Байқап қана қойған жоқ, реті келген жерде әңгімеге шақырып, осы бір ғылымның ерекше түріне іш бұрып, қызғушылық білдіріп, соны өрістету үшін өзіне тән мінезбен ілгіштеп, тартқыштап отыратын.  Сол іліп сөйлер әдетімен;

- Әй, бала, біз көз майымызды тауысып оқып жеткен көкке, сен сол жақтың өз қалауымен жеттің ғой – дейтін үнемі.

– Әбеке-ау, «Алла Тағалам  хикметті, терең білімді қалаған құлына береді. Ал кімге білім берілсе оған көптеген игілік берілген болады. Бұдан ақыл иелері ғана ғибарат алады». («Әли Ғымыран»,269) – деген емес пе. Ол аз болса «Раббыларың бұйырады; Маған дұға етіңдер, жауап берейін» («Ғафыр»,60) -деп тағы да ескерткен. Алла антына берік қой. Дұға – рахметтің кілті. Алламен сөйлессек қайтеді - дейтінмін. Осыдан кейін екеуміздің әңгімеміз  рух әлеміне ойсып кететін. Әңгіме барысында «Нені жоғалттық?»- дегенге келгенде, бүгінгі ұрпақтың рухты жоғалтқанын, олардан тәрбие алу, солардың ізін қуып, солардың тынысымен дем алудың жоғалғанын, рух батасының үзілгенін, жастар арасында сенімсіздік өріс алғаны әңгімемізге өзек болатын. Ғайып пен аян, аруақ туралы әңгіме айтылғанда ойымыз он саққа жүгіріп, он тармаққа бөлінетін. Ғайып -  Аллаға жол- деген сөз. Ғайыптан қарғыс атқанның әңгімесі келмейді. Біздің қарғыс атқаннан айырмашылығымыз, әлі де Ғайыптан алатын іліміміздің бар екендігі.

Осыдан туатын келесі әңгіме, Аруақ – бар. Рух – бар. Аруақ болмаса рух қонбайды. Аруақ кім? Өзіміз сияқты кешегі өмірден өткен біздің ата бабаларымыз. Оның да Құранда айтылғандай алдында,  артында қалған жазуы бар. «Алдындағы жазуы»- деген Алланың жазып қойған тағдыры болса, «артында қалған»- деген сөз - істеген қылықтары. Ал өлім деген не? Өлім сөйлеп отырған сөздің арасындағы үтір сияқты аз ғана кідіріс, тежелу, ары қарай жалғасатын  тіршілік. Жаратқан Ием; «Мен сендердің арттарыңнан кітап ашып қойдым»- дейді «Йасиин»  дұғасында. Аруақ – қопарылып шығар адамның тамыры. Қос аруақ өлі мен тірінің – тамыры бір. Өлі – нәрді тіріден алады. «Құранды оқыма, аруақ жоқ» - дейтін болсаң көтерілетін аруақ жаман. Аруақ тыныш жатсын десең дініңмен бол.

Осыны білген қазақ халқы о бастан аруақты білген, рухты қондыра білген  қасиетті ел. Еврей халқының миы қатты жұмыс істесе - оларға  ми қызметінің ерекше дарығандығы, арабтарда сауда жұмысы өріс алған болса, бұл елге осы қасиет ерекше дарығаны, басқа халықтарда да осындай ерекшеліктер болса сол ерекшеліктері ерекше дарығандығы, осы сияқты біздің қазақ халқына рухты қондыра алатын қасиет ерекше дарыған. Бұл - аруаққа табыну емес.

Қазір біздің елде  рух қондырған аруақтар ерекше жұмыс жасап жатыр. Оларды силаған шәкірттері мен ұрпақтары жатқан жерлерінде моласын көтеріп, дуа қылатын бастарына оңды белгілер салды. Мұны жасап жатқандар аруаққа табынғаны емес, олар жолдан тайған жоқ. Олар өмірден дінімен өткен  ұстаздарының зікірін салып жатыр.  Ол – жол.

Ал рух – Алладан, ол діннің нәрімен қуаттанған.  Рух иелері – тірі жанның ең құндысы. Дінді, Құдайды паш еттіру үшін, өзінің бар екенін білдіру үшін, сансыз рухтарға Құдай рұқсат береді. Сол рухты көтерген аруақты адамдарды әулие атайды.

Аян – ғайыптан түсетін қасиет! Құран да ғайыптан аян арқылы түскен ғой. «Сол қасиет қай жақтан шығады?»-  деген сұрақ Әбекең екеумізді әрдайым өзіне тартатын. Әрине, Құраннан. Алланың әмірімен құралған Құраннан. Жіберілген сол кітаптан жалпы адамның қасиеті құралады. Оны көзі ашық, көкірегі ояу жан ғана біледі. Қараңғы қайдан білсін. Ал мінез ше? Мінез сонау ата бабадан.  Мінез көктен келген жоқ. Алланың берген тамыры, сол берген дүние.  Әр дүниенің керектісі де бар, керексізі де бар. Соны өлшеп, бірін азайтып, бірін көбейтіп отыру өз қолымызда.

Әл-мисақтан бәріміздің іздегеніміз бір Тәңір ғана. Сол уақыттан бері баяғы Адам Ата «туған жерім»- деп көрсеткен бір бүтін жер сол қалпы тұр екен. Не өзгерді, неміз өзгеріп кетті? Өзгергені – Алла адамдарға тереңдеп сіңді. Бұрынғы заманға қарағанда  Құдай бізге өте жақын келді. Бірақ біздер өткен заманаға қарағанда Құдайдан қатты қорқатын қорқақ болудың орнына, Алла одан бері сансыз кітап беріп жатса да, тіпті құдіретін көрсетіп көрсетіп әкеліп қойып жатса да, Алладан қашып жатырмыз. Неге?  Алланың құдіретімен бұрынғы ата бабамыз дұғаның күшімен аққан суды тоқтатқан болса, біз оны қазір күшпен де тоқтатын жағдайға жеттік емес пе. Сол кездегі бабаларымыз Құдайдың құдірентіне сенім артып  ұшып-қонып жүретін болса, біз қазір көзді ашып жұмғанша ұшақпен барар жерімізге ұшып барып келіп жатыр емеспіз бе. Ол кезде әулие болып көкке бірақ адам ұшса, қазір сансыз адам әрі-бері ұшақпен ұшып жүрген жоқ па? Осының бәрі неден?..

Алла өз құдіретін көрсетіп сұрағанымызды берген сайын, «мен» деуіміз неден? Бәрі Алланыкі бола тұра, Алланы мойындамауымыз қалай? Әлде заман өзгерді ме? Заман түгілі тау да, тас та өзгерген жоқ қой.  Алладан алған сайын, Алла оны дәлелдеген сайын, біз адамдар Алладан неге қашып бара жатырмыз. Көрініс демекші, көріп тұрмыз ғой. Қазір адам ұшақпен ұшатын болса, ол кезде бірен саран әулие адамдар ерекше қасиетпен ұшқан. Алланың адамға жақындағаны сондай қазір Құдай қасиетті ұшукөліктерін  адамдардың өз қолдарынан жасаттырып жатыр. Ол кездегімен бұл кездегінің айырмашылығы Алла бергенді мойындамауымызда ғана қалып отыр. Ол кезде ат көлікті Құдай тірідей берсе, қазір тастай темірден құйып жасап беруде. Ызғытып барар жерге аттан бұрын жетіп жатқаныңда, күш қуатымызды арттырған Құдайды мойындамауымыз қалай?

Есту қабілеті жоғалғанға есіттіретін қабылет, көру қабілеті жоғалғанға қайта көруді көрсетіп жатса, соны да мойындамауымыз қалай? Құрандағы маржандай ағылған мысал сөздер осыны айтады ғой...

Әбекең екеуміздің екеу ара әңгімеміз осыларды айтып тереңге кетіп қалатын.  Осындай әңгімемен жүргенде, Әбекең, осыдан он жыл бұрын қолыма; «Ислам ілімі – ғылым алгоритмі»- атты Алмагүл Құрманбаевамен бірге жазған «Үш қиян» баспасынан жарық көрген, көлемі 100 бетке жетер жетпес кітапшасын ұстата қойды. Кітапты ашып қарасам  қойылған тақырыптарының өзі селт еткізді; «Құран- ғылыми танымдық идеялар реакторы», «Әлемтану энциклопедиясы», «Хадистер – ғылыми ғибраттық афоризмдер», «Танымның тұңғыш шырақшысы»... Бұндай тақырыпты оқудың өзі қазіргі кей оқымыстының зәресін ұшырары хақ.

Осы кішкене кітапшада автор; «саналы адамзат өмірі неге мәңгілік емес?»- деген маңызды философиялық сұрақты алға шырақ ете отырып, соған жауапты өзі «Әлемтану энциклопедиясы» атаған Ұлы кітап Құраннан іздеуге шақырады. Іздей отырып ажалсыз өмір сүру мүмкіндігінің бір себебін ғалымдарымыз ашқан  адам ағзаларының кереметтей ерекшеліктерінен қарастырып, ішкі құрылысымыздың клеткалары бірнеше тәуілік аралатып жаңаратынын, қызыл қан клеткаларының әр төрт ай сайын өзгеріп тұратынын, жалпы организмнің 98 пайызы жыл сайын басқа атомдармен жаңарып тұратындығын айта отырып, осы бағыттағы болып жатқан зерттеу жұмыстары о баста «Бақара»  сүресінде болғандығын, сол сүре аяттарын  келтіре отырып, одан әрі оқырманды қамырдан қыл тартқандай мәйінмен жетелей отырып жалпы әлемнің о бастан бастау алу логикасына жетелейді. Осы ойды алға тартып, оған қажет  мамандар пікірін келтіре отырып, жұртты елең еткізер соны ғылыми болжамдар жасайды. Кітап одан әрі әлемнің жарық жұлдыз ғалымдарының құранға байланысты айтқан әңгімелерін жүйе жүйесімен келтіре отырып, дінсіздер үрке қарайтын құранға еріксіз кіргізіп жібереді. Құранмен тілдесіп кетесің.

Кітаптағы бір мақала; «жүзімізді құбылаға беріп, ақиқатымызды мойындайықшы» -деп, фәлсафалық ой толғамның шыңы болып отырған құранды дәріптеп,  оны әлемді жаратушы Ұлы конструктор ретінде таныстырып; «Құран -  Жер планетасының тіпті «Галактика» аталатын он сегіз мың ғаламның жаратылу, даму процестерін зерттейтін ғылым атаулының барлығының түгелдей басын біріктірген Суперэнциклопедия. Былайша келгенде, таным-Білім квинтэссенциясы. Немесе Мұсылмандар конституциясы» (28-ші бет) -деп өз пікірімен түйіндейді. Алла разы болсын. Ілімде - Әбекең осы сөзімен де бақытты жан. Құдіретті Тәңірім адам баласын ахиретке жеткізуде, ең соңғы кітап пен ең соңғы пайғамбарын беріп тоқтатты. Аллаға қызмет етуде адамның бойына дарытқан қасиеті бізді бақытты етті. Бакытты адамға - қамшы ұрсаң да, найза тықсаң да, қылышпен шапсаң да, рахаттанып өледі.  Ал осы баққа апаратын бірақ дін – Ислам діні. Соны ұстанып сол жолда болу бақ. Осыны біліп, осы жолға шақыра білу бұл мұсылман адам үшін еселенген екі дүниенің сауабы. Пайғамбардың бізге берген бірақ жолы бар. Ол «Алланың айтқанын орында»- деген сөзі ғана. Бұл пайғамбардың батасы. Осы бата иесі болған жан  Жаннаттың асыл суын ішуге, кәусарын қабыл етуге, Алламен рахаттанып сөйлесуге, бойын кеңітуге, шаршағанын басуға, денесін демалтуға, дінін қабыл етуге, ұрпағымен қайта қауышуға, дозақтың есігін мәңгілік жабуға жететін көрінеді. Жарықтық, Әбекең, пайғамбардың осы дұғасының иесіндей көрінеді маған.

Енді, мақаланы қалай бастасам, сонымен аяқтағаным мақұл болар. Әбекең біз жайлы жазған мақаласында КазГУ-де журналист кадырларын дайындауда орын алып отырған проблемаларды озық ойына өзек еткен екен. Өзі өмірден өткенше қызмет еткен шаңырақта жураналист қадарларын дайындауда орын алып отырған «минустарды» нақтылы дәлелдермен ортаға салып, творчестволық факультетке талапкерлерді тек қана шығармашылық бәсеке – конкурс арқылы қабылдау қисындылығын батыл қойған екен.

– Әбеке, мына жерде қатты кетіпсіз ғой, басшылардың енді көзқарасы қалай болар екен?- десем;

- Журналистер еркін ойдың иесі. Журналистика тәріздес тек қана шығармашылық басымдық беретін жоғары мектеп факультеттеріне түсушілерді басқа нақты ғылым салаларын таңдаушылармен бірге байлап тестілеу – білместік. Мұндай жағдай тұрақтылыққа айналса – халық арасында өте сирек ұшырсатын, өнерінен үміт күттіретіндердің жолын «тестілеу» деген «монстр» әбжыланмен шорт кесіп тыну- деп еді.

Қиялгер жазушы ғалым әңгімесіндегі қисынның тағы бір күдігі – «мамандығымызға халықаралық стандартқа сәйкес білім  берейік»- деген ұрандау «жаратылыстану» «нақтылы» тіпті «іргелі»- деп аталатын жүрген ғалымдар үшін қажет болғанымен, журналистика есімді сиқырлы салаға бұл стандарт – залалды рак ісігі екен. Шынында да «Жазу, сызу ісі» саналатын бұл қасиетті кәсіпті қандай қалыпқа салып, стандарттай аламыз? Әбекең үшін  әр қалам иелері – өз бетінше бір әлем, тұтас бір галлактика.  Әр журналист ақыл ой  иесі ғалымдар ойтүрткісінің қоздырғышы болар катализатор, әлем мен оқырман тандемі арасындағы ғажайып көпір миссиясын атқарушы. Бұл – журналистің кім екенін  білетін ойшыл адамның айтар тұжырымы.

Осы мақаланы жазып жүрген Әбекең,  «Ислам ілімі – ғылым алгоритмі» кітабында;  «жүзімізді құбылаға беріп, ақиқатымызды мойындайықшы»- деп ашық айта білген Әбекең, өмірінің соңында   «Ислам –Ғылым – Журналистика» - атты оқулық жазып, осы оқулығымен жоғары оқу орындарында  оқитын студент журналистердің де жүзін құбылаға бұрып, имандылыққа ұйытып кетуі, ұлағатты ұстаз ғалым-жазушының бәрімізді де ата бабамыздан дәстүрлі мұра болып келе жатрған өнегелі жаңылмас жол имандылық әлеміне, Ислам дініне шақырып кеткендей...

Бақтыбай Айнабеков,

Ілімгер

Abai.kz

                                                                                

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661