Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2595 0 пікір 27 Қаңтар, 2011 сағат 05:03

Парламент ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялады

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Сенат депутаттары бейсенбі күні пленарлық отырысында ҚР «Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы 1997 жылғы Вена конвенциясын (ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы 1963 жылдың 21 мамырындағы Вена конвенциясына 1997 жылдың 12 қырқүйегіндегі хаттамамен енгізілген түзетулері бар құрама мәтін) ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, конвенцияны ратификациялау Қазақстанның халықаралық нормаларға сәйкес ядролық залал үшін жауапкершілік көтеруге дайын екенін қуаттайды, сәйкесінше Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, соның ішінде ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтардың, ядролық қондырғылардың экспорты мен импорты  саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ары қарай дамытуға ықпал етеді.

«Вена конвенциясын ратификациялау халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ядролық қызметтің қауіпсіздік жүйесінің тиімді қызмет етуі үшін басты құқықтық құралдарды енгізуге мүмкіндік береді. Осылайша, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде халық пен қоршаған ортаны қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деген болатын бұған дейін құжатты депутаттарға таныстырған индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамед Әбдібеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2109
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609