Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Талқы 6738 2 пікір 9 Сәуір, 2018 сағат 09:38

Жаңа аудан құрылды. Оның келешегі қандай болмақ? (Бейне жазба)

Наурыз айының 31-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Онда: «Алматы облысының Райымбек ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Кеген ауылында орналасқан Кеген ауданы, әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында орналасқан Райымбек ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылсын», – делінген. Осылайша бұл Жарлық жауапсыз қалмай өз нәтижесін берді. «Көп тілеуі көл болып»,  көптен күткен халықтың үміті ақталды.

Осыған орай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы ат басын бұрып, жұмыс сапарымен екі ауданды аралады.

Облыс əкімі алдымен Кеген ауылының ақсақалдарымен кездесіп, олардың батасын алды.

Кезінде нарықтың талабымен біріктірілген Нарынқол мен Кеген өңірінің жиырма бір жылда  ажары қашқаны рас. Алайда ол олқылықтардың орны толтырылмақ. Қос ауданда жаңа жұмыс орындарымен қатар, жаңа мүмкіндіктерге де жол ашылады. Оларға көрсетілетін қолдау мен көмек аз болмайтыны анық.

Облыс əкімі Текес ауылындағы 6 мың тонна картоп тастайтын қойма құрылысымен танысып, өсіп келе жатқан картоптың бұрынғы даңқын қайта жандандыру  мақсатында   индустрияға үлкен көңіл бөлінуі қажет екендігін айтты.

Шашыраған Нарынқолдың жағдайын қайтадан жақсарту барысында жаңа əкімдік ғимараты, заман талабына сай білім ордасы, футбол алаңы мен 180 орындық стадионы бар спорт-сауықтыру кешені  салынбақ.

Əкімі  қазынашылық, полиция учаскесі, өрт сөндіру бөлімі, жалпы ауданы 3400 шаршы метр болатын жаңа емхана жобаларымен де танысып қайтты.100 төсекке арналған амбулаториялық емхананың  заманауи жабдықтармен жабдықталуын тапсырып, ем алушыларға тез сауығып шығуларын тіледі.

Сонымен қатар, жергілікті мәдениет үйінде Райымбек ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, алдағы жоспармен таныстырды.

- Бүгін біз үшін тарихи сәт. Әрине, мұның бәрі халықтың игілігі үшін. Осы  күнді көп күткендеріңізді  білеміз. Бірнеше жылдан кейін Райымбек ауданы туралы барлығы білетін дəрежеге жететін болады. Қазірдің өзінде жеке кәсіпкерлер  әртүрлі кәсіпорындарды ашқысы келеді. Бұл,  ең алдымен, жұмыс орындарының артуына өз септігін тигізеді. Көп ұзамай ауылда түрлі әлеуметтік-экономикалық институттар: қоғамдық қызмет көрсету орталығы, тұрғын үй ғимараттарын салу жоспарға қойылып, барлық қажетті жағдайлар жасалынатын болады", - деді Амандық Баталов.

Кездесу соңында депутаттар Жолан Омаровты Райымбек ауданының әкімі, ал аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Талғат Баеділовті Кеген ауданының әкімі лауазымына бірауыздан бекітіп, барлық үміт артылатындығын айтты.

Айта кетейік, 1997 жылдың көктемінде бірнеше облыс жабылып, көптеген аудан тарқатылған болатын. Осының салдарынан 1997 – 2011 жылдар аралығында шекаралық аудандардағы 45 елді мекен еліміздің картасынан жойылып, 20-дан астам мектеп жұмысын тоқтатқан болатын. Сол тұста Алматы облысында Қапал, Үйгентас, Бөрілітөбе, Нарынқол сынды аудандар атауын өзгертті.  1997 жылы Нарынқол ауылында 12 мыңдай адам болса, бүгінгі күні соның 7 мыңдайы қалған. Шекараға жақын орналасқан Сүмбе, Сарыбастау, Текес және шекараның тура тұсындағы Ұзақ ауылында кезінде 5 мыңға жуық адам түрса, қазір 3 мыңға жетер-жетпес халық тұрып жатыр.
Бүгінде Кеген ауданының  жалпы аумағы 711 937 гектарды құрап отыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2078
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2502
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2133
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612