Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2936 0 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 09:01

Тәжікстанның шекаралас аудандарындағы тұрғындар Өзбекстанға ішкі төлқұжатпен бара алмай отыр

Тәжікстанның шекаралас аудандарындағы бірқатар тұрғын Өзбекстанға ішкі төлқұжаттарымен өте алмай отыр. Бұған дейін билік тәжік-өзбек шекарасына жақын маңда тұрағындарға ішкі төлқұжатпен көрші елде бес күнге дейін 30 шақырым аясында жүруге рұқсат бар болған.

Өзбекстанмен шекаралас Турсунзаде ауданының тұрғыны Азим Муродовтың 25 наурызда айтуынша, шекарада енді жаңа тәртіп орнаған. «Бұған дейін бізге көрші елге ішкі төлқұжатпен баруға рұқсат беретін, енді шекарашылар бұлай жасауға болмайтынын айтты», - деді ол.

Муродовтың шетелге шығатын биометрикалық төлқұжат жасатауына қаражаты мен уақыты жоқ. «Шекаралас аймақ тұрғындары көрші елге қонақ болуға емес, тауар әкеліп, аз-маз пайда табу үшін барады. Сол себепті билік бізге жеңілдіктер қарастыруы керек», - деді Азим Муродов.

Дәл осындай қиыншылыққа Соғды облысына қарасты Канибадам ауданының тұрғындары кезіккен.

Тәжікстан мен Өзбекстан арасында жақында келісілген тәртіп бойынша, екі ел азаматтары көрші елге шетел төлқұжаттарымен ғана өте алады.

Тәжікстан тұрғындары шетелге шығу төлқұжаттын жасату құны (шамамен 90 доллар) қымбат екеніне шағымданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1465
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1324
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1075
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1121