Жұма, 17 Мамыр 2024
Алаң 4810 6 пікір 26 Наурыз, 2018 сағат 08:59

Қытай мен Ресейде бала оқыту қауіпті

2015-2016 жылдары Ресейде 73 455 қазақстандық студент білім алған. Яғни Ресейде білім алушы шетел студенттері арасында қазақстандықтар бірінші орынды иемденген. 2016 жылы Қытайға 11764 қазақстандық студент білім алуға аттаныпты. Яғни он жыл ішінде 14 есеге артқан.

Сөйте тұра біз ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жайлы күні-түні айтамыз. Шетелге барып, әсіресе Қытай мен Ресейге (ежелгі һәм ата жау) аттанған студенттің тең жартысы сол елдің жыртысын жыртатын жүрекпен келері анық. Сол себепті де биыл Елбасымыз грант санын 20 мыңға арттырмақ. Барлығы да ұлт ертеңі мен қауіпсіздігі үшін.

"Шетелдің білімі жақсы, стипендиясы көп, оқуға түсу оңай" деген жаттанды жауапты айтқанша, ең алдымен "бұл неткен батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық" деп ойланып көріңізші.

Миллиард қытай өзіне грант бөлмей, қазаққа бүйрегі бұра қалуы тегін емес.

Жүз миллион орыстікі де саясат.

Ойлану керек.

Шетелде оқыған жақсы ғой. Ыңғайы келсе Еуропа немесе өзімізде. Бірақ Қытай мен Ресейден қауіп көп. Бұны жазған себебім "Майчайна" тағы да грант бар деп хат жіберіпті.

Жаз жақындады, енді ондай хат көбейе бермек.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2191
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1619