Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2875 0 пікір 15 Наурыз, 2018 сағат 09:08

Қазақстан мен Тәжікстан азаматтарын тіркеу ережесін жеңілдетті

Қазақстан мен Тәжікстан екі елдің аумағында азаматтары үшін тіркеу ережесін жеңілдетті. Бұдан былай екі елдің азаматтары бір-бірлерінің еліне барғанда, 30 тәулік емес, 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Астанаға сапары барысында екі ел басшылары осындай шешімге келді.

14 наурызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға барған.

«Қазақстан Тәжікстан үшін ірі экспорттық әріптес. Тәжікстан біздің маңызды сауда әріптесіміз. Былтыр өзара сауда айналымы 80 млн долларға жетті. Бір жылда 30 пайызға көбейген. Бұл аумалы-төкпелі әлемдік экономикада өте жақсы көрсеткіш», - деп атап өтті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде.

Қазақстан басшысы сонымен бірге Астана мен Душанбе арасында ұшатын әуе қатынасы туралы да сөз еткендерін айтты.

Кездесу кезінде Қазақстан басшысы тәжік әріптесін Парасат орденімен марапаттады. Екі ел басшылары барлығы 11 құжатқа қол қойған.

Тәжік-қазақ дипломатиялық қарым-қатынасы 1993 жылдың 7 қаңтарынан бастап дамып келеді. Тәжікстан елшілігі Қазақстанда 1993 жылдың маусым айында ашылса, Душанбеде Қазақстан елшілігі 1998 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істей бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659