Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3310 0 пікір 15 Наурыз, 2018 сағат 09:06

БҰҰ ҚК: Лондон Мәскеуді химиялық қару конвенциясын бұзып отыр деп айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жедел отырыс өткізіп, Ресейдің бұрынғы мемлекеттік барлау басқармасының (ГРУ) полковнигі Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға жасалған қастандықты зерттеуге кірісті. 4 наурызда Солсбериде оларды жүйкелік-салдандырушы улаушы затпен уланған күйінде тапқан.

БҰҰ жанындағы Ұлыбритания өкілі Джонатан Аллен жиналыс кезінде Ресей "Новичок" деп аталатын жүйкелік-салдандырушы улаушы заттар ойлап шығаратыны жөнінде алдын-ала жарияламағанын айтты. Осылайша Мәскеу Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны бұзып отыр деді.

Өз кезегінде АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Никки Хейли Вашингтон Лондонды қолдайды деді. Хейлидің сөздерінше, АҚШ Солсберидегі шабуылға жауапкершілікті Ресей алады деп есептейді.

БҰҰ жанындағы Ресей өкілі Мәскеудің бұл оқиғаға еш қатысы жоқ деп мәлімдеді. Василий Небензя Ресей "Новичок" деген улы затты әзірлеуге қатысты ғылыми жұмыс жүргізбегенін айтты. Ол сонымен бірге бұл улы зат Ұлыбританияда жасалуы мүмкін деп болжады. Небензя Ресей БҰҰ Конвенциясына қатысты Ұлыбритания тарапынан ешқандай сауал қабыл алмағанын, бірақ соған қарамастан Мәскеу "Скрипаль ісін" зерттеуге көмектеседі деді.

14 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Скрипальдің улануын Ресейден көріп, елден 23 ресейлік дипломатты шығару жөнінде үндеу жасаған. Ресей СІМ де жақын күндері кері жауап беретінін мәлімдеді.

Сергей Скрипаль – ГРУ-дің бұрынғы полковнигі. Ресей оны Ұлыбритания пайдасына тыңшылық жасады деп айыптады. 2010 жылы оны АҚШ-та ұсталған ресейлік агенттермен айырбастаған. 4 наурызда Скрипаль мен оның қызы Юлия ауыр халде ауруханаға түсті. Бірнеше күн бұрын бұрынғы ГРУ офицері британ полициясына өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлаған екен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1659