Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3119 0 пікір 15 Наурыз, 2018 сағат 09:03

Өзбекстанның ҰҚҚ мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болып өзгерді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 14 наурыздағы "Ұлттық қауіпсіздік қызметін реформалау жөніндегі" жарлығы бойынша бұл мекеме Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болып өзгерді.

Қызметтің негізгі міндеттері мен бағыттары мынадай: мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және республика мүддесін сыртқы және ішкі қауіптен қорғау, мемлекеттік шекараларды қорғау және күзету, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс және коррупциямен, терроризммен күрес.

Биыл жыл басында Шавкат Мирзияев генерал Рустам Иноятовты отставкаға жіберген. Ол 23 жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік қызметін басқарды. Оның орнына бұрынғы бас прокурор Ихтиер Абдуллаев тағайындалды.

Шавкат Мирзияев арнайы қызметтің жұмысын 1937 жылғы репрессияға теңеп, сынаған. Содан бері осы саланың жоғары лауазымды шенеуніктері өз еркімен қызметтерінен кетті не тергеу абақтысында отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2364
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661