Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3940 4 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 09:20

Неге тоқтата алмай отырмын өзімді?

Басымнан бақайшығыма дейін дір еткізген, көздің жасын көл еткізген бұл не? Неге тоқтата алмай отырмын өзімді? Мен бармын ба өзі мына әлемде? Мен кім едім? Атам кім еді кешегі? Біз шынымен кімнің ұрпақтары едік?

Тура қарсы алдымда қасқайып тұрған Алаштың арыстары ма еді тегінің бірі. Ойпырмай, олар ұлтым, жерім деп қалай-қалай ұмтылады алға қарай. Мойындарына қыл бұрау салынсада мойымайды-ау, мойымайды. Иә, осындай қайсар еді ғой біздің тек. Менің бойымда шынымен өшкіндей бастаған ба ол рух?

Экранға тағы нақтап қарайыншы.

Шеттерінен тау тұлға! Тар заманда қазақтың көгінде күн болып жарқыраған, түнінде ай болып сәуле шашқан, ұлт үшін туып, ұлт үшін қан құсқан Құдайдың бізге сыйлаған нарлары сөйлеп тұр еді экраннан.

Армандары қандай асыл еді. Шіркін, экран ішіне кіріп Сәкеннің аяғын сүртер ме еді? Әлихан, Міржақып, Ахмет, Мағжан басқан іздермен аяңдама еді ақырын...

Алтынай Нұрдыбек

Facebook-тегі парақшасынан

 

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1100
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 995
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 729
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 846