Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3348 1 пікір 13 Наурыз, 2018 сағат 08:41

Қырғызстанда "Йакын Инкар" діни қозғалысының тоғыз мүшесін соттады

Ош қалалық соты "Йакын Инкар" заңсыз діни қозғалысының тоғыз мүшесін кінәлі деп танып, оларды үш жылдан төрт жылға дейін соттады.

Ош облысы ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 2017 жылы маусымда "Йакын Инкар" ұйымына мүше деген күдікпен 16 адам ұсталған. Жеті адамға қатысты тергеу әлі жүріп жатыр.

"Йакын Инкар" - "Таблиги Жамаат" діни қозғалысынан бөлініп шыққан ағым. Араб тілінен аударған "Құдайдан басқаның барлығын тәрк ету" деген мағынаны білдіреді. Бұл ағымды ұстанушылар Мұхаммед пайғамдар заманындағыдай өмір сүруге тырысады. Ұзын шаш қойып, дәстүрлі араб киімін киеді, жалаңаяқ жүреді, техникалық жетістіктердің барлығынан бас тартады. Қырғызстанда қанша іңкәршіл бар екенін нақты белгісіз. Олар балаларды мектептен тыс оқыту, телефондар мен телевизордан бас тартуды насихаттайды.

2017 жылы Бішкектегі Октябрь аудандық соты "Йакын инкар" ұйымын экстремистік деп танып, Қырғызстан ауғында оның қызметіне тыйым салды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1231
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1131
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 871
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1012