Жұма, 26 Сәуір 2024
3238 0 пікір 6 Наурыз, 2018 сағат 08:32

Журналист Бобомурод Абдуллаевтың ісі 7 наурызға шегерілді

Ташкент қалалық соты журналист Бобомурод Абдуллаевтың, блогер Хаетхон Насреддиновтің және кәсіпкерлер Равшан Салаев пен Шавкат Оллоеровтың істерін 5 наурыздан 7 наурызға шегерді.

Ташкенттік тәуелсіз журналист Абдурахман Ташанов сот процесін не үшін шегергені белгісіз дейді.

44 жастағы Абдуллаев «конституциялық құрылымды бұзып, билікті күшпен тартып алмақ болды» деп айыпталады. Сот егер оны кінәлі деп тапса, 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу ісі бойынша, Абдуллаев Усман Хакназаров деген лақап атпен оппозициялық саясаткер Мұхаммад Салихтың сайтында мақала жазып тұрған.

Блогер Хаетхан Насреддинов былтыр қазан айында Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарапынан ұсталған. Ол банк жүйесі жайында сыни мақала жазып тұрған.

Кәсіпкерлер Равшан Салаев пен Шавкат Оллоеров былтыр қыркүйек айында ұсталған. ҰҚҚ болжамы бойынша, олар биліктегі жағдай туралы журналист пен блогерге ақпарат беріп отырған.

Құқық қорғаушылар тергеу барысында айыптаушылардың азапталып жатқанын айтып, дабыл қаққан.

Abai.kz

0 пікір