Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 4502 7 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:49

«Оның ішінде шайтан отыр»

Италияның танымал режиссері Gianni Lepreнің бір фильмінің кейіпкері-прокурор туралы туған-туыстары: «Оның ішінде шайтан отыр» дейді ғой. Өз інісінің әйеліне шексіз ғашық болған, жауапсыз махаббаттан зардап шеккен ол бүкіл әлемге жауыға қарайды.

Ақыр соңы келінін буындырып өлтіреді. Үйіндегі қызметкерінің көмегімен өлген әйелді жардан өзі құлағандай етіп, өз «қылмысын жасырғанымен», ол бәрібір ар азабынан құтыла алмайды. Қызметтен өз еркімен кетіп, монастырьға барып, жұрттан алшақ өмір сүреді. Бір күні құлшылық етіп отырған жерінде інісінің қызы келеді. Сонда ол: «Күнәмді жұрт алдында мойындамай, менің даусымды Алла тіпті де естір емес» деп қатты қамығады. Жасаған күнәсін хатқа жазып қалдырып, асылып өледі. Себебі, ол бәрібір ішіндегі шайтанын жеңе алмайды.

... Жаңаөзеннің жазықсыз халқына оқ атқан, халықты тонаудан ешқашан беті шімірікпейтін біздің биліктің ішінде де шайтан отыр. Олар өз күнәләріне кешірім сұрап, «менің даусымды Құдай естімей жатыр» деп өкіне ме екен? Күмәнім бар! Жаңаөзенде қырылған халықтың алдында мен өзімді ылғи да кінәлі сезінем. Өз құқымызды қорғай алмайтын, билік құқымызды аяққа таптап жатса да - намыстанбайтын, бәріне етіміз өліп кеткен біздердің әрқайсымыз олардың алдында кінәліміз...

Аягүл Мантай

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1536
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1404
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1152
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1161