Сенбі, 27 Сәуір 2024
3713 1 пікір 16 Ақпан, 2018 сағат 08:42

ЕҚЫҰ Ресей билігінің Навальный сайтын бұғаттауына алаңдайды

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бұқаралық ақпарат құралдары еркендігі мәселелері жөніндегі өкілі Арлем Дезир Ресейде Алексей Навальный сайтының бұғатталғанына алаңдаушылық білдірді. Сайтта Олек Дерипаска туралы мәлімет жарияланған еді.

Арлем Дезир сайттың бұғатталуына қатысты пікірін бейсенбі күні "Твиттерде" жариялады.

"Ресейде navalny.com сайтын зерттеу баяндамасы үшін Роскомнадзордың бұғаттауын алаңдаушылықпен бақылау отырмыз. Жеке ақпаратты қорғауды қоғам мүддесіне байланысты мәселелердің көтерілуіне кедергі келтіруге, немесе веб-сайтты толық бұғаттауға желеу етуге болмайды", - деп жазды ол.

Бұның алдында Роскомнадзор Олег Дерипаска туралы жеке мәлімет жарияланған Алексей Навальный сайтын бұғаттауға байланыс операторларын міндеттеді. Сонымен бірге Роскомнадзор Googlе компаниясынан YouTube-те жарияланған материалды өшіруін күтіп отыр.

Abai.kz

1 пікір