Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2368 0 пікір 11 Қаңтар, 2011 сағат 05:54

Темірхан Медетбек. Халықты құлдықтан құтқаратын қуат –намыс пен рух

Менің тұстастарымның көбі - қарақан басының жағдайын жасау үшін өмір сүреді. Елінің мұң-зарына пысқырып та қарамайды. Жерінің не болып жатқанына тіпті көз қиығын да салмайды. Мұның бәрі құлдық психологиядан арыла алмағандығынан болып жатқан жағдайлар.

Осыны көргенде, «ертеңгі жағдайымыз не болады» деп шошимын, тіпті қауіптенемін. Қорқамын. Олар ұлттың құрдымға батып бара жатқанын сезбейді емес, сезеді. Сол адамдармен сөйлесе қалсаң, шын пиғылынан жаның түршігеді. Бірақ радиодан немесе басқа бір жерден сөйлегенде мүлде басқаша. Елім-жерім деп өтірік еңірейді. Сенімен әңгімелескен кездегі сөзін ешуақытта да ол мінберге шығып айтпайды.

Ертең заман өзгерсе олар басқаша сайрап қоя береді. «Мен осыны кезінде айтқанмын, былай дегенмін, олай дегенмін, жүйені былай сынағанмын, олай сынағанмын» дегенде шындықты айтып жүргендердің бәрі жолда қалады. Осындай заманның ығына бейімделіп, олай-былай төңкеріліп сөйлей берушіліктің сырын түсіне алмай қиналамын. Осылар кеше «Ел бірлігі» доктринасы елді біріктіреді деп соқты емес пе?! Қазақтардың мемлекетті құрушы ұлт екендігі көрсетілмеген доктрина елге не опа әпереді?!

Бізді Этнос ретінде қарастырады онда. Этнос. Ұлт екеніміз мүлде айтылмайды. Ондай сөз жоқ. Қазақ ұлты деген атымен жоқ. Біз анау Пәкістаннан келген екі-үш пуштанмен бірдейміз.

Бұл мемлекет ненің арқасында мемлекет болып отыр. Кімдердің арқасында мемлекет болып қалыптасты. Кезінде бұл мемлекеттің жерін кімдер қорғады. Егер Қазақстанда азаттық үшін 300-ге жуық көтеріліс болса, оған қатысқан бір ұйғырды немесе кәрісті тауып беріңдерші. Жоқ. Қатысқан емес.

Кең-байтақ жер үшін тек қана қазақтардың қаны төгілді. Қазақстанда тұратын басқа халықтың диаспора болатыны сондықтан. Оларды диаспора ретінде атауға болмайды деген сөздер шықты. Не деген ұят! Бұл да қылмыс қой. Бұл да қазаққа көрсеткен қысымның бір түрі. Қорлау. Рухыңды таптау. Олар диаспора болмауы үшін осы жер үшін біздің ата-бабаларымызбен бірге күресуі керек еді. Ондай болған жоқ қой. Біздің зиялылар осыны білмей отырған жоқ, білгісі, айтқысы, күрескісі келмейді.

Неге олай болды? Өйткені бізде рух жоқ, намыс жоқ. Мысалы, болгарлар 500 жыл түріктің отарында болған. Сол Болгария қайтадан қуатты мемлекет болды, ел болды? Себебі ол - тілін, дәстүрін, дінін сақтады.

Польша деген мемлекет бар. 120 жыл бойы бұларды отарлаушылар көкпар қылып тартты. Бір жағын Германия, бір жағын Ресей бөліп алды.  Мемлекет ретінде жойылды. Тіпті, әлемдік картадан алынып тасталды. Тілін, дәстүрін, дінін сақтап қалуының арқасында ғана қайтадан мемлекет болды, картаға қайта кірді.

Бұған кері мысалдарды да айтайық. Филиппин мемлекеті жүздеген жылдар испандықтардың қоластында болды. Оны кейін АҚШ жаулап алды. Қазір тәуелсіз, демократиялық мемлекет сияқты. Бірақ аты-жөндері испанша, өздері католик дінін қабылдаған... тілдері әлсіз, сөніп бара жатқан шырақ сияқты. Ник Хоакин деген филиппиндік жазушының «Өзін-өзі жоғалтқан әйел» атты романын оқыдым. Автор мұнда қос кіндікті әйел туралы жазады. Қазақта да «кіндігінен байланып қалған» деген ұғым бар ғой. Оларда да соған мағыналас түсінік бар болуы керек... Кейіпкер - дәстүрін, дінін жоғалтқан әйел... Ол үшін қасиетті, қастерлі ештеңе жоқ... Бұл - адамның рухани күйреуі. Ол - жарымжан. Кіндігін жоғалтқан. Ол - қоскіндік. Біреуі - испандық, біреуі - америкалық.

Осындай мәселелер тұрғысынан келгенде, қазір біз де қорқамыз. Біздің тіліміз үлкен мінбелерге шығудан қалып барады. Өз елімізде, өз жерімізде кірме адамдар сияқтымыз. Теледидардың бәрі түн жарымында қазақша көрсетеді. Кірме, кірмелік деген осы емес пе? Бұл мәселеге сен де, мен де, ол да, бәріміз намыстануымыз керек. Намыс қана бізді осы тығырықтан алып шығуы мүмкін.

Бұрынырақта Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберганың «Аргументы и факты» газетіне берген сұхбатын оқыдым. Латвияда орыс мектептерінің өзінде дәрістің 60 пайызы латыш тілінде жүргізіледі, орысша - 40 пайыз ғана. Осыған байланысты тілші сұрағына президент: «Латвиядағы орыстар латышқа айналуы керек. Латыш болып шығуы керек. Егер латыш болғысы келмесе, онда мұнда тұрмасын, кете берсін» деп жауап берді.

Осыны жасай алмай отырмыз. Біз бүгін тілді қорғай алмасақ, ертең тіл бізді қорғамайды. Тілден басқа бізді қорғайтын ешқандай күш те, құрал да жоқ.

Кеңес өкіметі Ауғанстанмен он жыл соғысты. Дамбал киіп, арбамен жүрген ауғандарды ала алмады. Қару-жарағымыз тіреліп тұрды. Соғыс арсеналы да сұмдық. Сонымен ала алмады. Неге? Ол да ауған халқының рухының күштілігінен. Ал, рух тек тіл арқылы келеді. Рухтың одан басқа келетін, жүретін жолы жоқ.

«Кеңес өкіметімен бірге империя құлады» делініп жүр ғой. Шын мәнінде, империя құлаған жоқ. Кеңес өкіметінің құлағаны рас, бірақ Ресей - әлі империя. Қаншама елді бауырына басып жатыр. Қытай - ежелден, біздің дәуірімізге дейін империя. Әлі құлаған жоқ... күшейіп келе жатыр. Сол екі империяның ортасындамыз. Мына тұстан өзбек шовинизмі бас көтеріп келеді... Осындай ортада отырған кезде біздің аса сақ болуымыз керек. Бізді сақтайтын, әлгі Болгарияны, Польшаны сақтағандай, бір-ақ күш бар. Ол - рух пен намыс.

«Namys.kz» cайты

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2491
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678