Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 5652 4 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 11:25

Мына жолды көріп тұрсың ба?

Бірде бір қазақ ағамыз қалаға жұмыс іздеп келіп, бай тұратын бір жол жөндеуші ұйғырмен танысыпты. Әлгі ұйғырдың үйіне барып, қонақ болып, жол жөндеуші бола тұра бұл байлыққа қалай жеткенінің құпиясын сұрапты.

Сонда ұйғыр қазақты ертіп, балконға шығып, біржақты жолды көрсетіп:

- Мына жолды көріп тұрсың ба?

- Иә.

- Бұл жерге екі жақты жол салыну керек еді... Бар болғаны осы, - депті.
Арада біраз жыл уақыт өтіпті. Бір күні әлгі қазақ пен ұйғыр тағы жолығып қалыпты. Қазақтың астындағы машинаны, өзінің үйінен екі есе үлкен үйді көрген ұйғыр таң қалып:

- Сонда бұның бәріне қалай қол жеткіздің?, - деп сұрапты. Қазақ ұйғырды ертіп, балконға шығып, бір айдаланы көрсетіп:

- Мына жатқан ен даланы көріп тұрсың ба?

- Иә, не болыпты, бұл жаққа?

- Бұл жерлерге жол салынуы тиіс еді... Бар болғаны осы, - депті.

Жәнел Дүйсенбайқызы

Facebook-тегі парақшасынан

 

4 пікір

Үздік материалдар