Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4809 1 пікір 5 Ақпан, 2018 сағат 11:11

Жұртқа қолды бір-ақ сілтетпей...

Бүгін автобуста кондуктор қыз қасыма келіп: "Сіз жолақы төледіңіз бе?" дейді. "Әрине! Мен сізге екі 50 теңге бердім, ал сіз маған бір 10 теңге қайтардыңыз. Егер мен сізге екі 50 теңге беріп, сіз маған екі 10 теңге қайтарсаңыз, онда 80 теңге ғана алған болып шығасыз. Негізінде жолақы құны 90 теңге ғой. Сондықтан, бір 10 теңге қайтарғаныңыз дұрыс болды",- дедім.

Ол абдырап біраз тұрды да, "Ой, өзі істемейтін басымды шалап қылып жібердіңіз ғой!",- деп қолды бір-ақ сілтеп, кері бұрылып кетті.

Айтайын дегенім: қазіргі кейбір "жас ақын-жазушылар" су татыған мылжыңдарын "Иә, төледім" деген деңгейде жаза салса болады ғой. Жұртқа қолды бір-ақ сілтетпей.

Еркеғали Болатұлы

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар