Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3399 0 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 09:46

Никита Белыхты қатаң тәртіпті колонияға 8 жылға қамайды

Ресейдің Киров облысының бұрынғы губернаторы Никита Белыхты 1 ақпанда қатаң тәртіпті колонияға сегіз жылға қамау туралы үкім шықты. Ол аса ірі көлемді пара алғанын мойындаған.

Прокуратура Белыхты 10 жылға бас бостандығынан айырып, 100 миллион рубль айыппұл салуын соттан сұраған.

Бұрынғы губернатор істі арнайы қызмет қолдан жасаған деп мәлімдеген. Бұрынғы губернаторды ұстауды Федералдық қауіпсіздік қызметінің генералы Олег Феоктистов басқарған. Ол Ресейдің бұрынғы экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың ісімен де айналысқан еді.

Abai.kz

0 пікір