Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3492 0 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 09:45

Журналист Саипов ерлігі үшін Сахаров орденімен марапатталды

Мәскеуде 31 қаңтарда адам құқығы мен еркіндігі үшін күресетін журналистер мен қоғам белсенділеріне Сахаров атындағы сыйлыққа ие болды. "Ерлігі үшін" ордені Ошта оққа ұшқан журналист Әлішер Саиповке берілді.

Совет диссиденті Андрей Сахаров атындағы орден Ресейде 2001 жылдан тағайындалған.

Сыйлық әлем бойынша адам құқығы саласына еңбегі сіңген белсенділерге, журналистерге, қоғам қайраткерлері мен диссиденттерге беріледі.

Әлішер Саиповты 2007 жылы Ошта атып кетті. Ол Voice of Ameriсa, RFE/RL-Ozodlik, BBC, Mashhad, «Фергана.Ру» агенттігінде жұмыс істеген. Ферғана алқабындағы саясат, дін, қауіпсіздік, адам құқығы тақырыптарын зерттеген. Бұған қоса ол өзек тілінде «Сиесат» газетін шығарған. Журналист 26 жасында мерт болды. Оның өліміне қатысты іс әлі ашылған жоқ.

Әлішер Саипов үшін орденді «Фергана.Ру» агенттігінің негізін қалаушы Даниил Кислов алды.

"Ерлігі үшін" орденін 2015 жылы атып өлтірілген саясаткер Борис Немцовқа, оннан астам жыл түрмеде отырған кәсіпкер ​Михаил Ходорковскийге берді.

Қазір депортацияланатындарға арналған уақытша мекенде тұрып жатқан "Новая газета" тілшісі ​Әли Феруздың орденін оның анасы Зоя алды.

Бұрын Сахаров атындағы сыйлық ресейлік журналистерге ғана берілетін. Бірақ бұл жолы өзбекстандық​ Хаетхан Насреддинов және қазақстандық Сейітқазы Матай да "Ерлігі үшін" орденімен марапатталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1417
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1249
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1073