Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2669 0 пікір 7 Қаңтар, 2011 сағат 10:23

Келесі аптада қазақстандық делегация Кувейтте Азиада алауының тұтану рәсіміне қатысады

Астана. 7 қаңтар. ҚазТАГ - Құрамында ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов, Астана және Алматы әкімдері Иманғали Тасмағамбетов пен Ахметжан Есімов және басқа да ресми тұлғалар бар қазақстандық делегация дүйсенбі күні, 10-шы қаңтарда, Кувейтке аттанады. Онда 7-ші қысқа Азиа ойындарының алауын тұтандыру рәсімі өтеді, деп Алау эстафетасының дирекция баспасөз қызметінен хабарлады.

Алауды тұтандыру рәсімі 11-ші қаңтарда  Эль-Кувейт қаласының ең басты көрікті жері - «Кувейт-тауэрстің» бөктерінде өтеді.

«Алауды бірінші болып Азия Олимпиадалық кеңес президенті, шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах алып, министр Темірхан Досмұхамбетовке табыс етеді деп күтілуде. Одан соң Эль-Кувейт көшелерімен жүретін шағын эстафетада Алауды азиялық құрылықтың ірі спорт державалары - Қытай, Жапония, Корея және Қазақстан өкілдері алып өтеді», - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпараттық баянда айтылуына қарағанда, осы рәсімдер өтетін алаң шығанаққа қараған шағын учаскеде орналасқан. Осы жерден алау алып жүрушілер Алауды мұнараларға, одан соң әуежайға жеткізеді. Одан кейін Алау чартерлік рейспен арнайы тасымалдағыш құтымен Алматыға жеткізіледі. Осы жерден Алау елімізді «аралап» кетеді.

Кувейт Алау тұтандырарлық орын ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ, дейді баспасөз қызметінен. «Азияның Олимпиадалық кеңесінің штаб пәтері дәл осы жерде орналасқан. Бұрындары Азия ойындарында  алауды сол ойындар өткізіп отырған елде тұтандыру дәстүрі болған. Баспатқыда осыған ұқсас бірнеше ұсыныстар айтылды. Мысалы, алауды тұтандыру рәсімін Қазақстанның ең биік нүктесінде өткізу. Бірақ ол алғашқы олимпиадалық дәстүр - алауды олимпиадалық қозғалыс отанында - Грекияда жағу дәстүрінен өзгешелеу болды. Қазақстанның ұйымдастыру комитеті жаңа дәстүрді бастауды ұсынды. Олар Азиада алауын кезінде осы ойындар пайда болған жерден, яғни Кувейттен бастау дәстүрін ұсынды», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1961
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2277
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1869
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1552