Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 19:10

Кәмшат Тасболат. 2011 жылы қазақ интернетінің дүмпуі бола ма?

Тәуелсіз зерттеу компа­нияларының мәлімет­теріне сенсек, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушы­ларының саны 4,3 млн халықты құраған, бұл дегеніңіз ел халқының 26,5 пайыз үлесі. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға артқанын көрсетеді. Ел азаматтары­ның 94 пайызы интернетті айына бірнеше рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді.

Тәуелсіз зерттеу компа­нияларының мәлімет­теріне сенсек, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушы­ларының саны 4,3 млн халықты құраған, бұл дегеніңіз ел халқының 26,5 пайыз үлесі. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға артқанын көрсетеді. Ел азаматтары­ның 94 пайызы интернетті айына бірнеше рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді.

Бұл зерттеулерді «ICT-Marketing» тәуелсіз зерттеу компаниясы (www.ictm.kz) жүргізіпті. Нәтиженің дәлдігі үшін қалалық және ауылдық жерлерде анкеталық сауалнама жүргізілген көрінеді. Жалпы, «2010 жылы халыққа интернет қызметін көрсету саласы қарқынды дамыған» дегенге саяды зерттеу нәтижесі. Мәселен, қалалық жерлерде жасы 16-дағы және одан асқан азаматтардың 41 пайызы, ал ауылдық жерлерде 19 пайызы интер­нетті қолданады екен. Ал халық саны 70 мыңдық немесе одан да көп қалалардың ішінде интернет қолданушылар 16-24 жас аралығында 66 пайызды, 25-44 жас аралығында 52 пайызды құрайды. 45-54 жас аралығындағы азаматтардың 35 пайызы интернетті қолданса, 55 жас­тағы және одан асқан азаматтардың тек 10 пайызы ғана ғаламдық желіні қолдана алады екен. Ел азаматтарының басым бөлігі ғаламторға компьютер немесе ноутбук арқылы шығады. Қалтафон арқылы интернетті қолданушылар саны 12 пайыз ғана.
Бір айта кетерлігі, 2009 жылы Қа­зақстан халқының небары 3,16 мил­лионы ғана интернетті қолданған екен. Зерттеулер жыл өткен сайын қалалық және ауылдық жерлерде жеке ком­пьютерлерімен қамданып, интернет желісіне қосылып жатқан отбасылар санының артып келе жатқанын көрсетеді. Егер 2009 жылы халқы 70 мыңнан асатын қалалық жерлердегі отбасылардың 47 пайызы жеке ком­пьютерге қол жеткізген болса, 2010 жы­лы бұл көрсеткіш 55 пайызға дейін артқан. Ал ноутбуктары бар отбасылар саны 2009 жылғы 7 пайыздық межені артта қалдырып, 12 пайызға дейін өс­кен. Бұл тұста 2009 жылдың қараша­сында тиісті қалалық жерлерде интер­нетті халықтың 26 пайызы қолданса, 2010 жылдың қарашасында бұл көрсеткіш 33 пайызға дейін артқан.
Байқап қарасақ, айтулы зерттеулер әлі де ауылдық жерлерге ғаламтордың толықтай жетпегенін көрсетіп отыр. Бұл тұста қазақ интернетінің, оның ішінде қазақша сайттар мен блогтардың дамуы қандай деңгейде деген сауал туындайды. Жалпы, қазақша сайт­тардың оқырмандары тек ауылдарда ғана ма? Оларға сұраныс қандай? 2011 жылы қазақ интернетін не күтіп тұр? Бұл жайлы сарапшыларымыз ой толғайды.

Серікқазы Кәкібаланов, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігінің бас директоры: Интернет - үлкен идеологиялық құрал
- Жалпы, бүгінгі таңда ел халқының 47 пайызы ауылда тұрады. Олар интернетті пайдаланбақ тұрмақ, атын да білмейді. Мысалы, ірі қалаларға жұмыс іздеп келген, құрылыста жүрген азаматтардың интернетке уақыты да жоқ. Әрине, саланы дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау міндетті түрде қажет. Тіпті, бизнестің өзі мем­лекеттік қолдауды қажетсінгенде, ин­тернетке мұндай қолдау қажет емес деу дұрыс емес.
Интернет үлкен идеологиялық құрал болғандықтан, оны дұрыс пайдалана білген жөн. Ең алдымен, ол үшін ин­тернет тілін мемлекеттік тілге бұру қажет. Өкінішке қарай, бүгінде қазақша интернетті қалыптастырып, дамытуға жекелеген адамдар немесе кейбір ұлттық-патриоттық ұйымдар ғана атсалысып жүр, ал билік пен бизнес тарапынан салаға қолдау жоқ десе де болады.
Таяуда «Қазақстан интернет қауым­дастығының» басшысы Шауқат Саби­ров бір сұхбатында: «2011 жылы Мәдениет министрлігімен бірлесіп, қазақша интернет-жобаларымен дүмпу жасаймыз» депті. Кім біледі, мүмкін дүмпу болатын да шығар... Әйтсе де, қазіргі таңда қазақша интернет бірен-саран сайтты айтпағанда, негізінен блогтар арқылы ғана дамуда. Оларды да жүрегі қазақ деп соғатын азаматтар ғана оқиды. Құдайға шүкір, ондай азаматтар баршылық. Соған қарағанда, негізінен қазақтілді аудитория қалып­тасқан, тек оларға ұсынатын сайттар мен порталдарымыз болмай тұр.
Шыны керек, қазақша сайттарды көбіне жастар оқиды. Ал зиялы қауым өкілдері интернет түгілі, компьютерден алыста жүретін сияқты. Әрине, барлығы демеймін, бірақ көпшілігі ғаламторға жақын емес. Жоғарыда айтқанымдай, блогтар жақсы дамып келеді. Ал сайт­тарды контент жағынан да, техникалық жағынан да жетілдіру қажет.
- Ал неге қазақтілді интернет қол­данушыларына қатысты нақты зерт­теулер жоқ?
- Оған зерттеу жасамай жүрген өзіміз кінәліміз. Әрине, мұндай зерт­теулердің қажеттілігі зор. Сон­дықтан болашақта осы тектес зерттеулер жүр­гізу жоспары бар. Тек күйбең тірлікпен қол босамай кетеді емес пе?!

Серік Мұратханұлы, инженер: Қазақша интернеттің даму деңгейі әрқилы...
- Қазақша интернет қолданушылары көбіне әдеби-шығармашылық салаға қатысты порталдар мен блогтар ашумен шектеліп отыр. Ел халқының 26,5 пайыз үлесі интернет колданады десек, олар­дың көбінесе Ресейдің сайттарын (оның ішінде «Мой мир», м-агент сияқ­ты әлеуметтік желілерді) байланыс құралы ретінде пайдаланады.
Қалалық жерлерде интернет біршама ауқымдырақ қамтылғанымен, аудан, ауылдық жерлерді интернет толықтай қамтымай отырғаны жасырын емес. Мұның салдарынан қазақтілді тұты­нушылар интернетке қол жеткізе алмай отыр. Қазақ тілінде әдеби сайттар мен блогтар баршылық. Тек халықтың күн­делікті өміріне қажетті техникалық салаларға қатысты материалдар, ден­саулық сақтау ісіне байланысты ақпа­раттар немесе заңнамалық кеңестер, тіпті қазақша жарнамалар да жоқтың қасы.
Мәселен, Жапонияда кез келген жапондық өз ана тілінде өзіне қажетті материалды интернеттен іздеп таба алады және интернетті сенімді ке­ңесшісі ретінде пайдаланады.
Ал Қазақстанда қазақ интернеті бұл талапқа жауап бере алмайды. Сондықтан қазақ интернеті туралы толымды пікір айту әлі де ертерек деп ойлаймын.

Есенгүл Кәпқызы, «Мінбер» журналистер орталығының жетекшісі: Мобильді интернеттің мүмкіндігі шектеулі
- Қазақстанда интернет қолданушы­ларының саны артқан болса, ол мобильді телефондар есебінен көбейіп отыр. Ал мобильді телефон Қазақстанның бар­лық аймағына жетті десе де болады. Осы тұрғыдан алсақ, бүгінгі интернет қолданушылары негізінен «Мой.мирда» хат алмасып, «Фейсбук» сияқты әлеу­меттік желілерді пайдаланушылар ғана. Олар нақты интернет «өнімдерін» - интернет-газеттері мен интернет-ра­диоларын қолданушылар емес. Бұған мобильді интернеттің мүмкіндігі шектеулі. Ақиқат бір нәрсе бар: ауылға интернет жеткен жоқ. Ауыл түгілі, аудан орталықтарының өзінен сабылып жүріп интернетті әрең табасың. Мұның басты себебі - интернет бағасының қымбаттығы, ауылдағы қарапайым тұрғын үшін айына 4500-5000 теңгені интернетке төлеу ауыр салмақ. Ал қазақ интернетін қолданушылардың басым бөлігі ауылда тұрады. Оларға қазақ газеттері де жетпейді. Сол қазақ басылымдарының оқырмандары сияқ­ты интернет оқырмандары да алыс ауылдарда әлі де өркениет көшіне ілесе алмай келеді.
«Мінбер» интернет-сайтының күн­делікті статистикасына қарасақ, орта есеппен оған күніне 1000 адам кіреді. Егер ауылда интернет бол­ғанда, біз­дің сайтты тұтынушылар санының бұдан да көп боларына сенімім мол.

«Айқын» газеті

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1981
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571