Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 6 Қаңтар, 2011 сағат 06:26

Бастамашыл топ референдумды қолдау бойынша қолдардың санын шектемейді - Сыдықов

Астана. 6 қаңтар. ҚазТАГ - Бастамашыл топ референдумды қолдау бойынша қолдардың санын шектемейді, деп мәлім етті бастамашыл топтың жетекшісі, Семей университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

«…Біз ҚР президентінің өкілеттіктерін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдумды қолдап 2,5 миллионқол жинадық. Біз (4 қаңтардағы брифингте – ҚазТАГ) осы қарқынды сақтасақ, 11-іне дейін 4 миллион жинаймыз деп ойлаймыз… Бірақ санын шектемеміз, олардың (референдумды қолдайтын ҚР азаматтарының) саны одан да көп болады», - деді Е. Сыдықов бейсенбі күні телефон арқылы агенттікке.

Оның айтуынша, қолдардың шынайылығы жергілікті жерлерде тексеріліп жатыр, бұл жұмысқа ҚР СОК қызметкерлері де қатысуда. «Аймақтарда жиналған қолдардың шынайы екеніне сенімдімін, оларды тексеріп жатыр», - деді бастамашыл топтың жетекшісі.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс. Заңға сәйкес, барлық облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғындарынан жиналған қолдардың ең аз саны 200 мың болуға тиіс.

Бұрын жоспарланғандай, қолдарды жинау 10 қаңтарға дейін жалғасады. Е. Сыдықов 11 қаңтарда қол қойылған парақтарды ОСК-ға өзі тапсыратынын айтқан болатын.

Заңға сәйкес, қол жинау аяқталған соң қол қойылған парақтар тиісті аумақтық комиссияларға үш күннің ішінде тапсырылуға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1990
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2398
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1960
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1575