Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
3297 0 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:15

Өзбекстанда мигранттарды ВИЧ-ке тексеруден өтуді міндеттеді

Өзбекстан президенті АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) індетімен күресу жөніндегі құжатқа қол қойды. Ондағы шараның бірі – ұзақ жылдар бойы шетелде жұмыс істеген азаматтар мен олардың отбасыларын тексеруден өткізу деп жазады жергілікті БАҚ.

АИТВ -қа қарсы күрес елдің арнайы мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Осыған сәйкес, арнайы дәрі-дәрмек сатып алуға қаржы бөліну көзделген.

Індетті жұқтырған азаматтарға арнайы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Атап айтқанда, АИТВ індеті бар анадан туған балаға құрғақ сүт қоспасын тегін беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ресми мәліметке қарағанда, Өзбекстанда 32 мыңнан астам адам АИТВ індетін жұқтырған.

Abai.kz

0 пікір