Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
3345 0 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:12

Қырғызстан: 2017 жылы төтенше оқиғаның дені Тәжікстанмен шекарада болды

Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі 2017 жылдың қорытындысын шығарды.

Мекеменің таратқан мәліметіне қарағанда, былтыр шекарада жағдай жалпы тұрақты деп сипатталған. «Былтыр 14 шекаралық оқиға тіркелді, 2016 жыдмен салыстырғанда (20 оқиға) төтенше жағдай азайған. Олардың оны қырғыз-тәжік шекарасында, төртеуі қырғыз-өзбек шекарасында орын алды», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге 2017 жылы мемлекеттік шекараны бұзды деп 218 адам ұсталған.

Мемлекеттік шекара қызметі мәліметіне сәйкес, 37 қару, 273 оқ-дәрі, 1 снаряд, 1 тапанша тәркілеген.

Abai.kz

0 пікір