Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
46 - сөз 4667 3 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 10:14

А.Янушкевичтің жазбалары

Қазақ даласына итжеккенге айдалған поляк революционері А. Янушкевичтің жазбаларын ара-тұра оқып тұратыным бар. Дәл қазір бір қызықты деректі оқып, тренд болып жатқан бүгінгі оқиғамен салыстыру өз-өзінен ойға келе қалғаны.

"Бүгінгі күнге қажет оқиғамен шебер қиюластырған осы қолпаштаудан кейін жас Орынбай (біздің өлеңшіміздің есімі) (Балтабек деп біліңіз – ред.) аға сұлтан Бөленді, Қарқаралы шешені Құнанбайды біраз жерге шейін мадақтады. Содан соң жиналғандардың ішіндегі ең атақтыларына ол кезек-кезек өлеңмен тағзым етті. Барақ сұлтанға (кім екенін ішіңіз білсін) келгенде шиыршық атып, самғап сала берді.

– Уа, сен! – деді ол сол қалпынан айырылмай, ақыры қуаныштан ағынан жарылып, – Уа, сен! Әбілпейіз тұқымы! Шыңғысханның ұрпағы! Барақ сұлтан! Орынбай өлеңшінің жырын тыңда!

– Уа! Тыңда менің жырымды, бұл сенің құлағыңа жеткен алғашқы да, соңғы да өлең емес, өлеңшілердің қайсысы сені жырына қоспайды!?

– Уа! шалқар кер дала! Барақ туралы жырды ұйып естімеген және оны еліңе қайталап айтпаған киіз үй бар ма екен бұл жапанда?!

– Уа! Барақтың руынан әйгілі, Барақтың руынан көне және игі жақсы ру бар ма екен, сірә! (Барақтың әкесі мен атасы күпініп, күдірейіп барады).

– Уа! Кеңесте одан артық кесек ақылды кім береді? Билер сарабында дауды Барақтан артық әділ шешетін кім бар?

– Уа! Бәйгеде барлық бақталастарынан батылдығын, күшін, шеберлігін Барақтан басқа кім асырады? (Барақ монтаны кейіппен жерге қарады).

– Уа! Аңшылықта, барымтада өзін Барақтай көрсететін кім бар? (Мақтау Бараққа ұнамады, қабағын түйіп, маңдайын сипады).

– Уа! Өлеңші байғұсты хандардың әйгілі әулеті Барақ сұлтаннан артық сыйлыққа қарқ қылатын қайсың барсың? (Барақ күледі).

– Уа! Барақ барлық жерде де, барлық уақытта да ұлы сұлтан Барақ! Даланың бас батыры – сұлтан Барақ!

– Уа! Даланың төрт құбыласын тек Барақ есімінің шарлауы тегіннен тегін емес. Барақ! Барақ!"

Ол өлеңді айтып бітірді, атаққұмар үлкен ақынның мадағына елтіген біздің қаһарманымыз орнынан атып тұрып, шапанын шешті де, оны ақынға лақтырды:

– Саған бір түйе мен бір жүйрік ат (төрт бөлмелі пәтер мен су жаңа автокөлік) менен! – деді ол.

Заңғар Кәрімхан

Facebook-тегі парақшасынан

 

3 пікір

Үздік материалдар