Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3868 12 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:36

Дариға Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды

Dariga Nazarbayeva, daughter of Kazakhstan’s President Nursultan Nazarbayev and the country's Deputy Prime Minister, attends celebrations to mark Kazakhstan People's Unity Day in Almaty, Kazakhstan, May 1, 2016. REUTERS/Shamil Zhumatov

Қазақстан президентінің қызы, Сенаттың қорғаныс, қауіпсіздік және халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің басшысы Дариға Назарбаева әскер қызметін насихаттайтын арнайы телеарна ашуды ұсынды.

Бұл ұсынысын ол 24 қаңтарда Ұлттық қорғаныс университетінде айтты, деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақты қандай сипаттағы телеарна болатынын баспасөз қызметі түсіндірмейді. Назарбаев бұл пкірін әскер қызметкерлерін оқытудың сапасын арттыру мәселесін талқылау кезінде айтқан. Бұған қоса президенттің қызы Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдіктерді ақылы оқытуды ұсынған.

2017 жылы Назарбаева "билігі мен саясаты тұрақты бақытты елде өмір сүріп жатырмыз" деп мәлімдеген. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Назарбаеваны бірінші дәрежелі "Ел қорғаны" медалімен марапаттады. Бұл медаль 2017 жылы наурызда "ерекше көзге түскен әскер қызметкерлері" үшін тағайындалған еді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар