Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3574 0 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:34

Қазақстанда автокөлік нөмірлерін сатып алуға рұқсат етілді

Қазақстанда жекеменшік автокөліктердің мемлекеттік тіркеу белгісін заңды түрде сатып алуға рұқсат берді.

Жаңа қызмет туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай фейсбук арқылы хабарлады.

Бұған дейін қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді ғана ақшаға таңдай алатын. Бұл қызметті 2014 жылы жол полициясындағы жемқорлықпен күресу үшін енгізген. Өткен жылы "әдемі" нөмірлерді бір жарым млрд теңгеге ($4,5 млн) сатқан.

Енді әріптерді де сатып алуға болады. Жұманбайдың айтуынша, ұнаған нөмірге арнайы бланк толтыру арқылы тапсырыс беруге болады. "Әдемі" нөмірбар бағасы 400 доллардан басталады. Бұл бағаға симметриялы нөмірлер алуға болады (010, 050, 707).

001, 007 және 777 нөмірлерін әріптерімен бірге таңдау 2 мың доллардан басталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар