Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3286 1 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:30

Ашхабадта қоғамдық көлік тұрақтарына ескі көліктерді қоюға тыйым салды

Түркіменстан астанасындағы қоғамдық автокөлік тұрақтарына ескі және бұзылған көліктерді қоюға тыйым салды.

Азатлыктың Ашхабадтағы дереккөзінің хабарлауынша, автотұрақтарда майы аққан автокөліктерді шығара бастады.

Бұның алдында қала билігі қара түсті көліктерді қолдануға тыйым салған еді.

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 22 қаңтарда Ашхабад басшылығы жекеменшік автотұрақтарды аралап, олардың қожайындарына ақауы бар көліктерді қабылдамауын ескерткен.

"Майы аққан көліктер анықталған жағдайда автотұраққа айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанса айыппұл еселеніп, қызметкерлер жұмыстан шығарылады", - деп хабарлады Азатлыктың Ашхабадтағы шолушысы Аманмырат Бугаев.

Автокөлік иелері шарасыз күйген түскен, өйткені қалада автотұрақтардан басқа көлік қоятын жер жоқтың қасы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1550
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1172