Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3290 0 пікір 25 Қаңтар, 2018 сағат 08:26

Өзбекстанда тәжік мектептері жабылып қалуы мүмкін

Өзбекстанда Ташкент облысы Бостандық ауданының тәжік тілді бес ауылы мұғалім жетіспеушілігі мәселесін шешіп беруін сұрап, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне хат жолдады.

«Пском», «Чакак», «Палванак», «Испай» және «Нанай» ауылдарының тұрғындары мұғалім тапшылығынан тәжік мектептері жабылып қалады деп қорқады. Жүзге жуық адамның қолы қойылған ашық хат Өзбекстанда тәжікше «Овози тожик» газетінде жарияланды.

Ислам Каримов билігі кезінде тәжік тіліндегі мектептер саны күрт азайды, ал жоғары оқу орындарында тәжікше факультеттер қалған жоқ.

Бостандық ауданының тұрғындары жуырда Душанбеде екі елдің басшылары Эмомали Рахмон мен Шавкат Мирзияев кездесуінен үміт артып отыр.

Хат авторлары тәжік тіліндегі мектептерге педагогтарды Шыршық қаласындағы педагогикалық институтында дайындауын ұсынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1555
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1433
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1185
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1178