Жұма, 17 Мамыр 2024
3963 6 пікір 24 Қаңтар, 2018 сағат 09:04

Ресей "Сталиннің ажалы" фильмін кинотеатрдан көрсетуге тыйым салды

Ресейдің мәдениет министрлігі британиялық "Сталиннің ажалы" комедиясын көрсетуге рұқсат бермеді. Фильм 25 қаңтардан бастап Мәскеудегі 30 кинотеатрда көрсетілуі керек еді.

РФ мәдениет министрі Владимир Мединскийдің айтуынша, фильмді кинотеатрлардан көрсетуге тыйым салу – бұл цензура емес.

"Көпшілік оны совет дәуірін, фашизмді жеңген біздің елімізді мазақтау ретінде қабылдайды", – деді Мединский.

"Біз фильмді түсіру қарсаңында қатты дайындалдық, мұрағат материалдарын оқыдық, тарихшылармен ақылдастық. Біз Совет Одағының сол кездегі тарихын сыйлаймыз, фильмде оны жасырған емеспіз", – деді фильм режиссері Армандо Ианнуччи.

"Сталиннің ажалы" – француз комиксі негізінде түсірілген сатирилық комедия.

Фильмде КСРОда 1953 жлы Сталин өлген соң билікке талас баяндалған. Оған Стив Бушеми, Джейсон Айзекс және Ольга Куриленко түсті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2106
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625