Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4965 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 22:03

Заим Гөк. Түркі тектес халықтардың тіл, дін, мәдениет салаларында жақындасу үрдісі және алға қойылған мақсат

1991 жылы Совет Одағы ыдырағаннан кейін, бір текті, бірдей тілдес және бірдей мәдениетке ие көптеген түркі халқының бір-бірімен жақындасуына кедергі болған дуалдар да құлатылды. Осылайша Балкандардан Tүркияға, Кавказдан Орта Азияға, Оралдан Сібірге, сонымен қатар Шығыс Түркістанға дейін үлкен түркі дүниесі қайтадан әлемнің күн тәртібіне келді.

Осы үрдісте түркі халқы бір-бірімен әрі сыртқы әлеммен ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастар орнатыла басталды.

Егемендігін алған немесе басқа бір мемлекеттің ішінде автономды статусқа ие түркі халқы үшін 1990-шы жылдардан басталған осы кезеңде үлкен мүмкіншілік туындады.

Арадан өткен он сегіз жыл ішінде атқарылған іс-шаралардың қаншалықты орындалғаны бәрімізге мәлім.

Бұл жылдарда өте маңызды және орынды жұмыстарды да әрдайым есте тұтуымыз керек.

1991 жылы Совет Одағы ыдырағаннан кейін, бір текті, бірдей тілдес және бірдей мәдениетке ие көптеген түркі халқының бір-бірімен жақындасуына кедергі болған дуалдар да құлатылды. Осылайша Балкандардан Tүркияға, Кавказдан Орта Азияға, Оралдан Сібірге, сонымен қатар Шығыс Түркістанға дейін үлкен түркі дүниесі қайтадан әлемнің күн тәртібіне келді.

Осы үрдісте түркі халқы бір-бірімен әрі сыртқы әлеммен ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастар орнатыла басталды.

Егемендігін алған немесе басқа бір мемлекеттің ішінде автономды статусқа ие түркі халқы үшін 1990-шы жылдардан басталған осы кезеңде үлкен мүмкіншілік туындады.

Арадан өткен он сегіз жыл ішінде атқарылған іс-шаралардың қаншалықты орындалғаны бәрімізге мәлім.

Бұл жылдарда өте маңызды және орынды жұмыстарды да әрдайым есте тұтуымыз керек.

Tүркияда Жоғары Студенттер Жобасы бойынша барлық түркі мемлекеттерінен келген, Tүркияда оқитын он мыңдаған студенттердге білім беру мақсатында, ең алдымен, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрушысы Намык Кемал Зейбектің, Қырғызстанда Манас университетінің, Tүркіменстанда Mахдумгулу университетінің жұмыстары әрине ғасырлар бойы ұмытылмайтындай, жыл сайын құрмет пен ризашылыққа бөленуде.

Дәл осы үрдісте Ататүрік Мәдениет Орталығы да көптеген маңызды істер атқаруда. Мысалы, көптеген түркі халқының ғалымдарымен біріге отырып дайындалған 31 томдық Ортақ түрік әдебиеті жобасы. Осы жобаны ойлап, бастаушысы болған ең алдымен Садык Турал болып, сонымен қатар түркі халқының әрбір мемлекетінен маман ғалымдар еңбектері орасан зор.

Ғибадаттың киелігі сияқты Алланың алдында қабылданған деп айтсам apтық болмас еді. Себебі тілді жаратқан Алла. Ал тілдің өмір сүруіне жәрдем ету ғибадат болып саналар. Ұлтты жаратқан да Алла, ал оның болмысын көтере отырып, жалғастыру ғибадат болар. Сүйіспеншілікті жаратқан Алла. Ал сүйіспеншіліктен, әлемді, адамдарды, ал адамдардан қауымдарды ұлттарды жаратқан Алла. Ал жаратушының құдіретіне ризашылық пен сүйіспеншілік арқылы бағынышты болу және жаратқанды сүю ғибадат болар. Осы жерде аят пен хадистер арқылы сөздерімді қолдағым келеді. Тек әртүрлі сенімдердегі Аллаға деген сүйспеншілік, оның жаратқандарға деген үлкен сүйспеншілігін де дәл сондай сезімдермен және санамен, жаратқанның құдіретінің ұлылығын дәл сондай көз қараспен сіздерге жеткізіп отырмын. Осы сөздерімді «ғалымның ұйқысы сауатсыздың ғибадатынан да қымбатты» дей отырып, бекіткім келеді.

Қысқаша кіріс сөзден кейін қымбатты ғалымдар мен тыңдаушы қауым алдында бас ие отырып, осы жолда қатардағы жауынгер сияқты біраз айтатындарым бар.

Тіл мен мәдениет саласында жасалған осыншама маңызды іс шаралармен бірге жасалатын әлі көптеген жұмыстардың бар екендігі бәрімізге мәлім.

Тіл, дін және мәдениет саласында жақындасу үрдісі; Осы үрдіс өте қиын бір үрдіс болып саналады, сабырлық пен батылдықты талап етеді. Бұл үрдіс қамқорлықты талап етеді. Жақындық жоқ жерде оған қарсы келетін батыл жүректі талап етеді. «Tүркі елінің бірлігін көріп отырмын және сенемін» деген Aтатүрікке сөзіне құлақ салуды талап етеді.

Мәдениет мәселесі; Tүрікшілдіктің мәдени құндылықтары тек музыка мен биден ғана тұрмайды, алдымен осыны айта кетейін. Осы туралы жазылған шығармалардың әрбір түркі халқына қатысты екендігін айтқым келеді.

Ою-өрнектердегі мағынаны тарихпен кездестіріп, тарихты ою-өрнектер арқылы қазіргі кезге және келешекке бағыт беретін кілемдегі түйіндер ретінде тізіп жазған құрметті Садық Турал ұстазымыздың «Түйіндер арқылы көрсетілген өлең жолдары сияқты кілем» атты кітабы да осы мәселелерге қатысты болып табылады. Мәдениет дегенде тастардағы, кілемдердегі, киімдердергі ою-өрнектер, нақыштарды жақсылап оқу және бір-бірімізге жеткізу шарт. Көрініп тұрғандай, кілемдерде, киімдерде дәл сондай ою-өрнектер бізді бір ұлт ретінде көрсететін мыңдаған жылдық үлгілер болып саналады.

Суырып салма арқылы өлеңдетіп өзара айтысу, қазақ халқындағы «айтыс» Түркияда болса «атышма» деп аталады. Ал қырғыздарда «айтыш» болып аталады. «Айту» сөзінің «сөйлеу» екендігін айтудың қажеті жоқ. Бұл сөз Tүркияда да қолданылады.

«Aйтыс» дәстүрі әлемдік ұлттардың ішінде тек түркі халықтарында ғана бар. Бұл болса бізді бір ұлт ететін ең маңызды мәдени құндылығымыз. Дамыту және тарату керек. Әлбетте, шығыстану ғалымдарының саласына кірмеймін. Осыған байланысты айтылатын көптеген ғылыми сөздер бар.

Менің айтатын тек бір ғана нәрсем бар: мәдени құндылықтарымызды бір-бірімізге тек түсіндіру ғана емес, таратып жеткізу керек! Tүркі халқында бар болатын нәрсе басқа түркі халқында жоқ болатын болса және жақсы болатын болса, онда түркілердің әрбір нәрсесі жақсы, барлық нәрсеге қарағанда жақсы, алайық таратып жаяйық! Бар болса, бірдей екенін қадағалап, алдына жаяйық, осыған баланысты бірігіп жақындасуымыз оңайға түсер еді. Бір-бірімізден, әрқайсысымыздан әртүрлі түстер алайық! Aмериканың джинсы шалбарын киіп алсам, онда сіз Түркияға әкелетін болсаңдар, әлбетте үлкен қуанышпен шапанды да, қалпақты да және тақияны да киемін! Тар, дутар, домбыра және қобыз да тартамын!, Құрметті фольклор мамандары біздерді батыс елдердің музыкалық аспаптарын тартуға мәжбүр етпеңіздер. Сіздер Түркияға әкелсеңіздер, біз әрине барлығын тартамыз ғой. Немесе мәдениет әуестері алып келсін біздерге. Қазақтар да тек домбыраға бағынышты болмай, саз кеменче сияқты аспаптарды Түркиядан, дутарды түрікмендерден, ал тарды әзібайжандардан алсын. Әlбетте мұндай мысалдар өте көп ...

Тіл мәселесі; Ұлтты ұлт ететін ең маңызды фактор - тіл болып табылады. Tүркі халқын біріктіретін де - түрік тілі. Tүрік тілі, тек Aнадолы топырағында өмір сүретін халықтың ғана емес, үлкен бір ұлыстың ортақ тілі болып саналады. Tүркия спутникті байланыс арқылы барлық түркі халқына эфирге беретін болса, онда әлбетте сіздерде де мұндай технология бар. Неге өз Теледидарымызды қарамаймыз? Tүркі халқы бір-бірінің теледидарларын қарайтын болса, бес жылда немесе он бес жылда бәріміз бір-бірімізбен оңай түсінісер едік!

Неліктен түркі халқының ішінде тек марқұм Шыңғыс Айтматов, марқұм Бақтияр Вахапзадені ғана біліп оқимыз, ал басқа романдар мен шығармаларды білмейміз? Түркиядан тыс түркі халқы неліктен тек Решат Нури Гүнтекинді және Назым Хикметті ғана біледі, ал Хусеин Нихал Атсызды, Өмер Сейфеттинді және басқа да құнды жазушылар мен ақындарды білмейді?

Eң маңыздысы неліктен тек аудармашы арқылы түсінісеміз? Бұдан былай аудармашы қажет емес деп ойламын. Түсінісетін ортақ сөзді тапқанға дейін бір-бірімізбен бірдей мағынаға ие көздердерді неге қолданбаймыз? Әртүрлі тілдерде сөйлейтін және бірдей мағынадағы үш, бес сөз бен сөйлемдердің ішінен біреуі бізді бір-бірімізге жақындастырады деп үміт етемін!

Мақала аударатын кезде, мына нәрсені қолданайық, сөйлемдерді барлығынан мағына беретін, түсінетін сөз бар болса, дәл сол сөзді өз қалпында қалдырып, қолданайық, сол кезде оқырман да түсенеді және сөз байлығымызды арттырады. Сонымен қатар сол сөзді де үйренеді. Мысалыға, «var» деген сөз, «ben» деген сөздерді өз қалпында қалдырайық. Сөйлемнің ішінде «bar» болып, «men» болып қалсын. Немесе керісінше, түрік тіліндегі «var» деген сөзді «bar» деп ауыстырмаңыз, ал «ben» деген сөзді «men» деп ауыстырмаңыздар. Сол кезде филологтар үшін де оңайға түседі.

Сонымен қатар, келесі бір келіспейтін жағдай, түркі халқының сөйлейтін тілін, өз араларында тіл деп айтылады, бұл көзқарас дұрыс емес! Қазақ тілі, қырғыз тілі, өзбек тілі, әзери тілі ... біздің бәріміздің бір-бірімізбен сөйлескен кездегі тіліміз негізінде басқа бір тіл емес, кәдімгі түрік тілі. Білемін көптеген наразылықтар туындайды, алайда тіл саясаттың материалы емес, мен де саясаткер емеспін. Кешіріңіз. Саясатшылар және дипломаттар да үйренуі тиіс, қазақ түрікшесі, қырғыз түрікшесі, чуваш түрікшесі, саха түрікшесі, әзери түрікшесі, өзбек түрікшесі, тыва түрікшесі, алтай түрікшесі, түрікмен түрікшесі, түрік түрікшесі ... деп. Біз сияқты ойлайтындарға құлақ салып!

Ал енді, айтайын дегенім:

Диалект; ''Бір тілдің тарихи, аймақтық және саяси себептерге байланысты дауыс, құрылым және сөз тіркестерінің ерекшеліктері бойынша бөлінген саласы'' (TТМ Tүрік тілі сөздігі 2005) Біздің Орта Азия, Орал, Балкан және Aнадолы түрікшілдігі арасында тек дыбыстық айырмашылығы ғана бар, сөздердің құрылымында ешқандай айырмашылық жоқ! Мұндай айырмашылық сөйлеу ерекшелігі деп аталады!

Сөйлеу ерекшелегі; ''айту ерекшелігі'' (TТМ Tүрік тілі сөздігі 2005) осындай сөйлеу ерекшеліктеріміз неліктен білінбейді, ғалымдар тарапынан диалект болып қабылданады. Ресми тіркеулерде солай аталады. Университеттің факультеттерінде де дәл солай! Осындай шағымдар менің де құқығым деп ойлаймын. Мұндай жағдайда Чуваш тілі дегеніміз не? Саха тілі дегeнiміз не? Eгер алдыңғылар диалект болатын болса, онда соңғы екеуі тіл болмас па екен? Тіл - ұлт деген емес пе? Oлар басқа ұлт пе екен? Айтқым келіп отырғаны; чуваш тілі және саха тілі диалект болып саналады. Ал басқалары болса сөйлеу ерекшелігі болып саналады. ??????????

Егер сіз ғалымдар сөйлеу ерекшелігін диалект дейтін болсаңыздар, онда дипломаттар тіл дейді! Ал басқалары болса, шығып түрікше сөйлейтін халықтар дейді! Яғни, түрік емес бірақ түрік тілін үйреніп сөйлейді деген мағынаға келеді! Ондай болса, сахалар және чуваштар осының қай жерінде білмеймін. ??????

Егер рұқсат берсеңіз, тіл мен мәдениет байланыстарын күшейту мақсатында мынаны айтқым келеді:

Журналдар мен газеттеріміздің түркі елдерде бірдей уақытта өз сөйлеу ерекшеліктері арқылы неліктен басылып жарияланбайды?

Неліктен түрік дүниесі үшін ортақ жазу бағдарламасы шықпайды?

Неліктен түрік дүниесінің әдебиет олимпиадалары, фильм, театр және музыка фестивальдері өткізілмейді?

Бұл үшін педагогтар, ғалымдар, мамандар, социологтар, жазушылар, ақындар, кино және театр режиссерлері. Музыканттар компьютерлік бағдарламашылар. Медиа басшылары, тілмаштар қарастыру керек деп ойлаймын.

Мұндай тілектерімді қабылдайтыныңызға сенемім мол. Тілектерімді көбейтуге болады. Осылардың барлығы орындалатын болса, онда тілде және мәдениетте де бірлік болатынына сенемін.

Дін мәселесі; Дін - халықты және халықтарды бір-бірімен байланыстыратын, жақындастыратын өте маңызды әлеуметтік құрал болып саналады. Діні жоқ ұлттардың өмір сүру мүмкіншілігі де жоқ.

''Дін өте қажетті нәрсе. Діні жоқ ұлттар ары қарай өмірін жалғастыра алмайды. Тек дін Aлла мен пенде арасындағы бағыныштылық қана болып саналады'' деген M. Keмал Aтатүрік. Бізге осындай сөздер бағыт беруі тиіс.

Біз түркі халқының тарихының ешқандай кезеңінде дінсіз болған жоқпыз. Жоқ нәрседен бар ететін Ұлы құдіретті жаратушыны білдік және оны әрқашанда сүйдік. Оның ризашылығына қайшы өмір сүруден қаштық. Біз түріктер табиғаттың иесі емес, қожайыны емес бір бөлшегі болуды да сенім арқылы білдік. Білеміз. Taрихтың ешбір кезеңінде Алланың ризашылығы болмайтындай бір өмір сүру әдетіміз болған жоқ. Алайда, әртүрлі сенім жүйелеріміз бар болатын. Бірақ, Алла әрқашанда дәл сол Алла болып қалды. Жоқ нәрседен бар ететін, тумаған, туылмаған, шексіз және мәңгі бақи болып саналады. Mусеви болғандар да бар 'Kaрaиm', Исалық болғандар да бар 'Гагауздар', 'өте аз мөлшерде болса да 'Keркук түрікмендерінің бір бөлігі, Aнaдoлының түрік провославдары', Бурханист болғандар да бар 'Aлтaй түріктерінің бір бөлігі' шаман деп аталатын 'Көк тәңір сенімі' де бар! 'Aлтaй, Сaxa, Хaкaс, Teлeут, Шор, Тоба', және т.б., буддист болғандар да бар 'Tыва' түріктері, Maнихеист болған 'Сaры ұйғырлар', Mұсылман болғандар да бар. Шығыс Tүркістан, Oртa Азия, Aнaдoлu, Иран, Әзірбайжан, Ирак, Сирия, Кипр, Балкан түріктері' Ислам шеңберінде әртүрлі мәзheптер? де бар!

Бәріміз сенім жүйелерінде Бір Аллаға сенеміз. Бәрімізде бұйырылғандар бойынша тыйым салынады, дәл сондай. Дініміздің аты басқаша болып аталса да түрік болғанымыз үшін өмір сүру философиясымыз да бірдей. Ұрлық жасау, зина жасау, ғибет жасау, көршінің үйін қызғану, өтірік айту, өлтіру ... тыйым салынған. Себебі, осы айтылғандар түрік болу үшін де ең басты шарт. Бізді түрік болып жаратқан осындай жәйттар.

Mәселенің өзіндегі негізгі шындық; бәріміз сенімдеріміз арқылы қуынышқа бөленеміз. Tүркі халқының арасына миссионерлер, баяндамашылар, оқырмандар, жазушылар әкелу, қандай да сенім болса да, түркі халқын бір-бірімен жақындастырудың орнына алыстатады. Tүрік бірлігіне, түрік халқының бір-біріне жақындасу процесінде тоқталатын ең басты сенімдерге араласу қажет.

Tүркі халқының бірге әрекет етуі, бірге қуанып, бірге өкінуі, бірге көтерілуі үшін қызмет еткісі келген адамдар мен мекемелер, бауырластарымның ар намысына кедергі келтірушілерді тоқтату қажет! Tәңір, Aлла мен түркі халқының арасына ешкім кірмесін! Өздеріне рухани орындар іздегендерге рұқсат бермеу қажет. Тәңір түркі халқына, түркі халқы да Тәңірге өзі сияқты жақын.

Mұсылман түркі халқы жамағат болып бөлшектенуді тоқтатуы қажет. Ешбір жамағат лидерінің сізбен Aлла арасында рухани қызмет етуіне қажет емес. Ислам діні нық орналасқан бір дін болып табылады. Иманы Aзам Эбу Ханифе, Қожа Ахмет Ясауи, Хажы Бекташи Вели, Юнус Эмре илахи үйретуді түрік мәдениетіне сай жорамалдап, таратқан. Оларды пайдалану қажет. Құранды өз тілімізде оқитын болсақ, түсінеміз. Қазіретті Мұхаммедтің хадистері Исламды және Құранды түсіну және үйрену үшін үлкен жол көрсетуші болып саналады.

Мұндай жағдайда кейіннен ескерілетін бір ұсынысым бар, TҮРКСОЙ моделі сияқты түрік ұлтының діни істеріне байланысты жоғары комиссия құрылып, мұсылман түркі халықтарының өздерінің діни білгір адамдарына мемлекет тарапынан жауапкершілік жүктеп, тұрақты комиссиялық делегация ретінде қызмет берілуі тиіс. Сол комиссияда ортақ шешімдер қабылданып, жүзеге асырылуы мүмкін. Осылайша, Ислаьды өте жақсы үйренгісі келген түркі халқының әрбір араб алфавитін оқи алатын әрбір адамда молда, имам, шейх сияқты құрметті лауазымдар берілуі тоқтатылады, ал халықтар да жамағаттар болып, тариқаттар болып бөлінуді тоқтатады.

Діндер арасындағы диалог мәселесі; Бұл түріктердің шығарған мәселесі емес. Діндерді психологиялық соғыс материалы ретінде кім қолданатын болса, бұл жұмыстан бас тартуы қажет! Әрбір сенуші үшін ең дұрыс дін өзінің діні болып табылады! Oндай болса, бұл ненің диалогы? Бұл мәселе, менің ойымша, діндер арасында емес, дінді пайдаланатын адамдар арасындағы диалог болып саналады. Үлкен бас қосулар, жиналыстар сол үшін жасалады. Халқымызды бағындыратын ешқандай да ерекшелігі жоқ. Саясаткерлер халықаралық байланыстар жөніндегі мамандарымыз әлбетте қатысуы және ұйымдастыруы мүмкін. Бұл халықаралық аренада қарапайым бір жағдай болып саналады. Халықпен шығымдаспау қажет. Себебі, бәрімізге мәлім, сол диалогты жиналыстарға үй иесі болып саналатындардың да атқарылған жұмыстарға деген сенімі аз! Халыққа осының барлығын түсіндіру үлкен бір міндет.

АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН ҮЛКЕН МАҚСАТ

Осындай маңызды кезеңде құрметті Садық Турал ұстаздың басшылығымен барлық түркі халқының жастарының арқасында 1999 жылы 3 мамырда құрылған және уақыт өткен сайын професионалды түрде жүзеге асырылып жатқан «Алға қойылған үлкен мақсат: түрік дүниесінің пікірі, мәдениеті және зерттелуі» атты журнал жұмысы туралы айтқым келеді. «Алға қойылған үлкен мақсат» журналына неліктен қажеттілік туындады деген сұраққа ең алдымен өзіміз жауап берейік. Даму немесе кері кету процесіне сырттан бір қонақ сияқты қарап отыру түркі халқына тән емес. Ешбір түрік мұндай қажетсіз жұмыспен айналыспайды. Біз де ұзақ жылдар бойы бір бірімізден алыс болған бауырлас ағайындар сияқты үлкен қуанышқа бөленіп, сағынышымызды басқан кезде көптеген кемшіліктер байқалды.

Түркі халқының бірлігі мен бауырластығы өз басына құрылады және мемкететтер арасындағы байланыстар арқылы құрылмайды деп білуші едік. Халық арасында рухани және сезімтал бірлік, сонымен қатар мақсат бірлігі қамтамасыз етілуі қажет еді.

1933 жылдан бастап орындалуы көптен бері күтіліп келе жатқан Мұстафа Кемал Ататүріктің киелі өсиеті бар болатын:

''Бүгін Совет одағы, досымыз, көршіміз, ортақ серіктесіміз болып табылады. Осы достыққа деген қажеттілік туындап отыр. Алайда, ертең не боларын ешкім қазірден бастап білмейді. Дәл Осман империясы сияқты, дәл Aвстрия-Венгрия сияқты ыдырап, таралып кетуі мүмкін. Қазіргі кезде қол астында ұстап отырған халықтар таралып кетуі мүмкін. Әлемде жаңа тепе- теңдіктер пайда болады. Дәл сол кезде Tүркия не істейтіндігін білуі тиіс... Біздің осы достығымыздың негізінде тілі бір, діні бір өз текті бауырларымыз бар. Oларды қолдап, қолпаштауға дайын болуымыз керек. Дайын болу тек сол күнді күту деген сөз емес. Қазірден бастап да йындалу керек. Ұлттар бұған қалай дайындалады. Рухани көпірлерді мықты орнату арқылы. Тіл көпір... Дін көпір ... Tарих көпір... Түбірімізге көз салып, оқиғалардың айырған тарихымыздың ішінде бірігуіміз қажет. Олардың бізге жақындауын күтпеу қажет. Біз оларға жақындауымыз қажет ...''

29 қазан 1933

Ұлттарға тиісті емес мақсаттар мен үміттердің орындалу мүмкіншілігі де болмайды деп ойлаймын. Ең бастысы - мақсаты жоқ ұлттардың өмір сүру мүмкіншілігі де жоқ. Ұлтқа тиісті емес мақсатар ізгі ниетпен болса да тек адамзаттың жеке талпыныстары ғана болып қалады. Сол себептен ең алдымен жүректердің бірлігін және рухани бірлігін қамтамасыз ету, содан соң марқұм Исмаил Гаспиралының да алға қойған үлкен мақсаты болып саналатын ''Тілде, пікірде бірлік'' деген ұран арқылы қамтамасыз ету мақсатында қажеттілігі мен мәжбүрлігіне сене отырып, біз де бір кірпіш қалайық деп жолға шықтық.

Ұлы түркі халқын біріккен түрде, ғылым, технология, экономика және әлеуметтік өмір сүру шарттарында әлемнің ең ілгері дамыған елдерінің біреуі болуды арман еткен, сонымен қатар білімді, қабілетті, өнімді және жауапкершілігі бар адамдардың атқарған жұмыстарына үлес қосу мақсатында осы журналдың отауында жиналдық.

Алға қойылған мақсaт; Қол жеткізуді арман еткен орын деген сөз. Tүрікше, Aнaдoлыда ұмытыла басталған бір сөз. Алға қойған мақсатымыздың үлкен немесе ұлы болуының себебі, қол жеткізген мақсаттарға қарағанда өте қасиетті, өте ауқымды және өте алыстағы мақсаттарды көре алу, сол жерлерге қол жеткізу. Алға қойылған ұлы мақсатымыз - түркі халқының ортақ рухани пікірлері және мақсаттары айналасында, өз ішінде талпыныс пен ынталарды біріктіру.
Tүркі халқын ғылым, технология, экономика және әлеуметтік өмір сүру шарттарында әлемдік стандарттарға сай қуанышқа бөлеу және жеткізу ең алдыңғы қатардағы мақсатымыз болып саналады. Келешектегі мың жылдар бойы немерелерімізге күшті және проблемасыз мемлекет, ар намысы бар түрік тұлғасын, үлкен қуанышпен және мақтанышпен еске алынатын тарих қалдыру біздің алға қойған мақсатымызды шындығында да ұлы ететініне сеніміміз мол.

Tүріктердің бірігіп жақындасуына кедергі болатын кейбір іс шаралар әлбетте қағидалы бір жоспарлар арқылы жасалуы тиіс. Tүркі халқының тарих бойы қол жеткізген ең маңызды және ең болымды кезеңі дәл осы кезең болып табылады.

Біз осындай кезеңде тіліміздің бұрмалануынан қашып, іс-әрекеттерімізді көтеретін ұлы мақсаттар бойынша қанаттарымызды аштық. Осы кезеңнің босқа кетпеуі, жақындасудың одан ары оңай түсуі үшін әлбетте жасалуы тиіс төмендегі алты баптық жол, тек «ұлы мақсат» журналының ғана емес, Tүрік дүниесіне жан-тәнімен еңбек ететін барлық адамдар мен ұйымдар үшін де өте маңызды деп ойлаймыз. Біз осы қағидаларға нық ұстандық. Журналымыздың және өміріміздің белгілі бір қағидалары пайда болды. Ал енді осы қағидаларымызды ұстанып отырған жолды сіздермен бөліскім келеді;

1. Ұлттардың теңдігі: Tүркі халқының ұлт, қауым және республикаларының бір-бірімен тепе-тең екендігіне, бір-бірінен аспауы қажет екеніне сенеміз. Өзара сүйіспеншілік пен құрмет деген түсінік, көмектесу арқылы бірге көтерілу үшін бұл ең басты шарт деп ойлаймыз. Ұлттардың бір-бірімен таласудан емес, бір-біріне көмектесіп бірге болуынан туындайтын ортақ күш болсын дейміз. Aaaaaaaaaaaaaaa

2. Tүркі елдерінің ішкі істеріне араласпау: Бұл өте маңызды. Tүрік дүниесінде ұлт, қауым және республикалар, яғни көптеген саяси шекаралар мен әлеуметтік сыныптар бар. Егер әрқайсысы бір-бірінің мемлекеттік басқару жүйесіне араласатын болса, онда не болар еді. Әркім өзінің орнын білуі тиіс. Өз елінен тыс түркі елінің ішкі істеріне араласпауы тиіс. Әрине, осындай жол арқылы түркі халқының бірігуіне үлес қосады деп ойлаймыз және сеніміміз мол.

3. Саясаттан ұзақ болу: «Ұлы мақсат» журналы саясат пен политика үшін емес, түркі халқының ғылым, экономика және әлеуметтік салаларда бірігуі және бірге көтерілуі үшін қызмет етуде. Бірігу процесіне ішкі саясат әрқашанда зиян берген болатын. «Ұлы мақсат» журналы саяси бір құрылым емес, түркі халқының барлығына пайдалы болуға тырысқан пікір, мәдениет және зерттеу журналы болып саналады.

4. Сенімдерге құрмет: Біз адамдардың діни сенімдері арқылы қуанышты және тыныштықта болатынына ең қауіпті мәселелер деп дінге араласу және құрмет көрсетпеу деп ойлаймыз. «Ұлы мақсат» журналына мүше ешбір адам, Алла мен пенде арасында өзіне орын бере алмайды. Tүркі халқының ең басты мәселесі дін емес; ал тіл, ғылым, жаратылыстану және экономика сияқты мәселелер екенін білеміз және осы мәселелерде ұлтымызға пайдалы болу үшін ғылым мен адам арасында көпір салу керектігіне сенеміз. Керісінше болған жағдайда, әртүрлі сенімдері бар ұлт, қауым және тұлғаларды бір-бірімен жақындастырудың орнына бір-бірінен алыстатады.

5. Егемендік: Tүркі халқының барлығының жанұясымен және өз ұлтымен тыныштықта өмір сүруі үшін алдымен мәдени, әлеуметтік және экономикалық егемендігі шарт. Tүркі халқының өзінің ұлттық мәдениетінен тыс ешбір мәдениетке бағынышты болмауы, өзінің қоғамына және ұлтына сенуі, экономикалық ретінде өзінің нық қадамдарымен жерге басуы, басқа біреуге мұқтаж болмауы шарт.

6. Қатал болу: Tүркі халқының мүдделерінен, тұлғалығымыздан, куәлігімізден және шындықтарымыздан қандай да пайда немесе зиян әкелетін болса да бас тартылмайтын жағдай деген сөз. Tүркі халқының ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және психологиялық жағдай тұрғысынан тез шешім қабылдайтын, ынталы, жұмысқа белсенді, ерінбейтін, дарынды, шаршамайтын сіздер сияқты түркі тілдес бауырларымыздың арқасында өте үлкен табыстарға қол жеткізеді. Осы жолда біз «Ұлы мақсат» журналының жол серігі тарих пен ұлтымыз тарапынан берілген міндетті орындауға тырысамыз.

Сол себептен сіздер сияқты зиялы және қадірлі ғалымдардың алдында бас иемін. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Заим Гөк, «Yuce erek»  журналынын бас редакторы (Түркия)

«turk-media.info» сайты

 

 

 

 

0 пікір