Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3174 0 пікір 23 Желтоқсан, 2010 сағат 11:23

ЭЫҰ-да қайта жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту керек, деп есептейді Түркия президенті

Ыстамбұл. 23 желтоқсан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Түркия президенті Абдолла ГүлЭкономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше-мемлекеттердің арасындағы қайта жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту керек деп есептейді.

«ЭЫҰ-ға мүше-мемлекеттер ынтымақтастығының шеңберіндегі үлкен әлеуетке ие салалардың бірі - энергетика. ЭЫҰ аймағы мұнай мен табиғи газдың табиғи ресурстары тұрғысынан алғанда бай және маңызды энергетикалық нарықтардың бірі болып табылады», - деді А. Гүл бейсенбі күні ЭЫҰ саммиті барысында сөз сөйлеу барысында.

«...бізге ЭЫҚ аймағында қайта жаңартылатын қуат көздерін көбірек іске қосу қажет, сондай-ақ, Ұйымның осы саладағы қызметі мен тырысуларын кеңейту керек», - деді ол.

Осыған байланысты ол Ұйым хатшылығының жұмысы шеңберінде ЭЫҰ елдерінің арасындағы энергетика саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) -  1985-ші жылы құрылған үкіметаралық аймақтық ұйым, ол Даму үшін аймақтық ынтымақтастық ұйымының құқығын иеленуші болып табылады. ЭЫҰ Иран Ислам Республикасы, Пәкістан, Түркия қол қойған Измир келісімінің негізінде қызмет етеді.

1992-ші жылы ұйымның құрамына 7 мемлекет - Әзербайжан, Ауғанстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан кірді.

0 пікір