Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2503 0 пікір 22 Желтоқсан, 2010 сағат 12:52

«Алаш көсемсөзі» 10 томдығының алғашқы 4 томының тұсаукесері өтеді

АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - 24 желтоқсанда Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген «Алаш көсемсөзі» атты 10 томдықтың алғашқы 4 томының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Ол Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді.  Жоба жетекшісі және жалпы редакциясын басқарған - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омашев.

10 томдықтың алғашқы 4 томында бұрын еш жерде жарияланбаған «Шолпан» (1, 2 том), «Жас Түркістан» (3, 4 том) журналдарының жарияланымдары тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.  Әр томның көлемі - 22 баспа табақтан.

Тұсаукесер рәсімін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  ректоры Б. Әбдірайым ашады. Жиынға барлық республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, арнайы өкілдері және танымал  журналистер шақырылады. Сол сияқты белгілі алаштанушы ғалымдар: Д.Қамзабекұлы, Т.Жұртбай, Х.Әбжан, т.б. қатысады деп жоспарлануда.

«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көрген 4 томдықтың 2 томына Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың бас редакторлығымен 1929-1939 жылдары Францияда, Берлинде шыққан «Жас Түркістан» журналында жарияланған ұлттық тәуелсіздік, ел мен жер мәселесі, ғылым-білім, тіл туралы және т.б. жайлы көсемсөздері енгізілді. Осыған дейін Мұстафа Шоқайдың жеке-дара мақалалары ғана қарастырылса, бұл томдарды шығарушылар «Жас Түркістандағы» жарияланымдарды тұтас жарыққа шығаруды мақсат етті. Журнал материалдары сол кездегі түркі халқына ортақ шағатай тілінен кириллицаға аударылды.

«Жас Түркістан» - біртұтас Түркістан тәуелсіздігі идеясын көтеріп, бүкіл түркі жұртының азаттығы үшін күрескен басылым. Алаш қайраткерлерімен қатар басқа да түркі жұртына ортақ тұлғалардың саяси және қаламгерлік іздері осы басылым беттерінде сайрап жатыр. Ал 1922-1923 жылдары Ташкентте жарық көрген «Шолпан» журналы Өзбекстанның мемлекеттік мұрағаттарынан көшіріліп алынды. Онда араб қарпімен жарияланған материалдар сол қалпында кириллицаға аударылды. Кітап соңында бүркеншік есімдер көрсеткіші мен қазіргі күні қолданыстан шығып қалған сөздердің баламасы берілді.

«Алаш көсемсөзі» сериясымен жарық көрген бұл құнды еңбектердің қазақ журналистикасымен қатар қоғамдық, гуманитарлық ғылымдар үшін де маңызы орасан зор.

0 пікір