Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2674 0 пікір 21 Желтоқсан, 2010 сағат 22:25

Аялдар Күнтуған. Шырша саудасы қызып тұр

Хритианша жыл санау уақыты таяған сайын базар біткен абыр-сабыр. Сауданың қызып, сатарманның асығы алшысынан түсетін мезгіл осы кез. Қара қазан, сары баланың қамы үшін ала таңнан сауда орталықтарына жөңкілген адам. Ұлық мейрам Наурыз кезінде де мұндай мейманасы тасыған мерекелік көңіл-күйді көру қиын. Иінтірескен адамдардың қарасы қаңтардың бірін қалай қарсы алуды ай бұрын ойластырып қойғаны бірден байқалады. Бізде орталық базарды (көк базар) жағалап, сауданың қай түрі қызып тұрғанын бақыламақ болған ек. алармандардың айтуына қарағанда, барлық заттың бағасы әдеттегіден едәуір өскен. Әсіресе, ішпек-жемектің өұқны бұрынғы уақыттан гөрі 15-20 пайыз көтерілген. Бірақ оған қарайтын халық жоқ. Базарға келгесін аларын алып, қайтып жатыр. Ал сатарманда болса, мұның жылдағыдай қалыпты жағдай екенін айтады. Себебі, бұл кезде бәрі де сатып қалғысы, пайданы көбірек тапқысы келеді. Одан ары екі ай бойы сауданың «өлі маусымы» басталатын көрінеді. Демек, халық киер киімі мен ішер асының негізгі бөлігін осы мереке алдында қамдап алатынға ұқсайды.

Сауда демекші, әсіресе бұл кезде мерекелік бұйымдардың бәсі озып тұрғаны айқын байқалады. Аяз Аталары мен Ақша қарларының әлем-жәлемі тоқтамай, шыршаның саудасы тіптен қызып тұр. Бұрындары орманды отап, табиғи шыршаларды осы мереке үшін «құрбанға шалған» халық заң жүзінде тиым салынғаннан бері, жасанды шыршаға «ауыз салған». Бірақ сатушылар табиғи шыршаның да «қара базарларда» сатылатынын, оны тек дөкейлер үшін ғана сататынын айтады. Біз шырша сатушыны әңгімеге тартқан едік.

- Шыршалардың бағасы қалай?

- Бағалары әртүрлі. Ең кішкентайы, аласасы - ең арзаны. 300 теңгеден 30000 теңгенің арасын құрайды. Одан да қымбаттары бар...

- Шыршаның негізгі алармандары кімдер?

- Әрине, бізге қымбаттарының өткені жақсы. Пайда да көбірек қалады. Мұны негізінен мекемелер алады. Бірақ соңғы жылдары қарапайым отбасыларды да өз жағдайларына қарай шырша алуға ынтық.

- Қай ұлттың өкілдері?

- Әртүрлі. Әрине, христиандар басымырақ. Бірақ қазақтарда жол-жөнекей кетіп бара жатып, ала кетеді. Себебі, жас балалардың бәрі шырша алуға әке-шешелеріне қолқа салады.

- Шыршаның дені қайдан келеді?

- Шетелдерден келеді. Қытайдан, енді біреулер Ресейден. Шырша өндірісі қып-қызыл пайданың көзі. Осы бір мезетте ең көп өтетін заттың бірі осы. Қарап отырсаңыз, көп дүние кетпейді бұған. Шыршаның шырақтары, жылтылдақтары мен алпыншақ-салпыншақтары бірге сатылғандықтан бұл өндірісті қолға алған елдердің шаш-етектен пайдаға кенелетіні анық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2387
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661