Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
3385 0 пікір 21 Желтоқсан, 2017 сағат 09:47

Өзбекстанда білім және медициналық мекемелер темір-терсек тапсырудан босатылады

Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда білім және медициналық мекеме қызметкерлері темір-терсек тапсырудан босатылады. Бұл жөнінде ел президенті Шавкат Мирзияевтің 18 желтоқсандағы жарлығында айтылған.

Осыған дейін Өзбекстанда мектеп мұғалімдері, медициналық мекеме қызметкерлері және балабақша тәрбиешілеріне темір-терсек өткізу міндеттелген. Өткізбеген жағдайда, ақшалай айыппұл салынып келген.

Биыл желтоқсан айының басында Әндіжан қаласы әкімі Дилмурод Рахматуллаев кезекті жиналыста қысқа мерзімде 600 тонна темір жинауды тапсырған. Дәл осындай нұсқауды Ферғана, Үргенші және Нүкіс басшылары да берген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1957
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2254
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1854
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1548