Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 7593 32 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 09:22

Қазақ Қытайдың ішкі ісіне араласып отырған жоқ

Соңғы кезде Қытайдағы туыс-туғандары жазықсыз сотталған қандастарымыздың шағымы көбейді. Ара-тұра ол жақтан да жекелеген адамдар арқылы түрлі жаға ұстатар ақпараттар бой көрсетіп қалады. Шетел және Қазақстан сайттарында жазылып жатқан қандастарға саяси қысымның жоғарлауына, құқықтарының тапталуы, еркіндіктерінің шектелуіне байланысты Қытай тарапы «бұл біздің ішкі ісіміз», «өзге елдің ішкі ісіне араласуға құқыңыз жоқ»  дейтін сөздер жиі айтылатын болып кетті.

Соған байланысты «ішкі ісіне араласу және ішкі ісіке араласпау» төңірегінде нақтылы бір тұжырым жасауға тура келіп отыр. Мейлі еліміздегі мемлекеттік билікте қызмет етіп жүрген лауазым иелері болсын, мейлі қарапайым халық болсын мұны білуге тиісті деп ойлаймын.

Ішкі ісі – БҰҰ -ның жарғысында (2-бабының 7-тармағында) ішкі саясаттың түпкілікті мән-мағынасы – кез-келген мемлекеттің Ішкі юрисдикциялық іс-шаралары сол елдің ішкі саясаты болып табылады делінген.

Ішкі ісіне араласу – бір мемлекеттің, бірнеше мемлекеттің бірігіп немесе халықаралық ұйымның белгілі бір мемлекеттің ішкі-сыртқы ісіне орынсыз (араласуға қақы жоқ істеріне) араласып, әлімжеттік көрсетіп оның тәуелсіздігі мен мемлекеттік дербес билігіне қауіп төндіретін әрекеті.

Ішкі ісіне араласу дегеніміз не? Жапониядағы Токио университетінің профессоры Терасаваның [寺泽]  «Халықаралық құқықтың негіздері/国际法基础» деген кітабында «ІШКІ ІСІНЕ АРАЛАСУ ( Интерференция) - бұл басқа елдерде қарулы күш қолдану арқылы, дипломатиялық қарым-қатынастарды үзу арқылы, үркітіп-қорқыту арқылы дегеніне көндіру әрекеті деп анықтама берген. Сондықтан, ұсыныс жасау, арыз-шағым түсіру, талап ету, өтініш білдіру, т.б. ішкі ісіне араласқандық болып табылмайды».

Бірақ, бір мемлекеттің ішкі ісі – абсолютті іс-әрекет емес. Мемлекеттің ішкі ісі болғанымен оның да шектеулі тұсы бар, шексіз билік емес. Яғни, ішкі ісі – ол ел не істесе де өзі біледі, ойына келгенін істей алады; өзге ел, үлкенді-кішілі халықаралық ұйымдар, бірлескен мемлекеттер ұйымы оған ештеңе істей алмайды деген сөз емес.

Кейде, кейбір мемлекеттер «дербес бір елдің ішкі саясатына өзге елдердің араласпауы керек» деген қағиданы желеу етіп халықаралық заңдарға, бірлескен мемлекеттер ұйымы қабылдаған "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына" қайшы келетін әрекеттерге баруы (ішкі саясат жүргізуі) әбден мүмкін. Сондай-ақ,  мемлекет ішінде ашық айтылмаса да адамдарды ұлтына, нәсіліне, дініне қарай алалап қарауы мүмкін. Мемлекет ішіндегі азшылық ұлттарға нәсілдік, ұлттық, діни кемсітушілік танытуы, геноцид жасауы, зорлық зомбылық көрсетуі, теңсіздік, саяси, құқықтық қысым жасауы, еркіндігін шектеуі т.б. мұндай заңсыздық әрекеттердің барлығы ішкі іске (ішкі саясатқа) жатпайды. Ішкі ісіне, ішкі саясатына жатпағаны былай тұрсын, мұндай заңсыз «ішкі ісі» халықаралық құқық нормаларды, бірлескен мемлекеттер ұйымы қабылдаған "Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына" қайшы. Белгілі бір мемлекет ішіндегі мұндай әділетсіздік, теңсіздік, өктемдік әрекеттер, зорлық-зомбылықтар т.б. барлығы да әлемдік қауымдастық жол бермейтін, шектеу қойған, қылмыстық әрекет болып табылады. Мұндай сорақылықтар орын алған жағдайда оған қарсы шығу, араласу, жүгенсіздікті тоқтатуға әрекеттену, наразылылық білдіру, ескерту жасау, талап ету – кімге болсын міндет. 

Белгілі бір мемлекеттің ішінде «адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» көрсетілген талаптарға қайшы, сол мемлекеттің өзі қабылдаған конституциясына, заңдарына қайшы  кез-келген заңсыздық орын алған жағдайда, сол заңсыздыққа жол берген мемлекеттің ішкі ісіне басқа белгілі бір мемлекет, бірнеше мемлекет біріккен түрінде, үлкенді-кішілі халықаралық ұйымдар араласуға құқығы бар. Түсінікті болу үшін қайталап айтайын, кез-келген мемлекеттің халықаралық құқық нормаларды аяқ астына таптайтын, бұзатын барлық заңсыз әрекеттері сол елдің «ішкі ісі, ішкі саясаты» ретінде түсіндірілмейді. Яғни, мұндай жағдайда араласуға болады әрі бұл халықаралық шарттар (келісімдер) бойынша бір елдің ішкі ісіне араласқандық болып есептелмейді. (凡属践踏国际法准则的行为都是违反国际法的,都不能解释为内政"。别国对此违法行为的干预,并不构成对内政的干涉。)

Бұл белгілі бір мемлекеттің құрамында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың ұлттық мүдесі мен құқықтарын қорғауға арналған БҰҰ-ның жасаған мүмкіндіктері. Әрбір азамат осыны дұрыс түсінуі керек. Құқықтарын сауатты қорғай білуі керек. Бұл екі ел арасын арандату болып саналмайды. Адам азаматтық құқығы және сол азаматтық құқығын қорғау жөніндегі білімі аз болған сайын бәрінен қорқатын, «сабыр» деген сөзді желеу етіп үнсіз бұғып отыруды жөн көретін болады.  Ал осы сауатсыздықты пайдаланған кейбір мемлекет немесе Қазақ ұлтымен мүделес емес өзге ел өзінің жасырын әрі арам мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды пайдалануы мүмкін. Біз Қазақ әлемнің қай жерінде, қай елінде жүрсек те өзіміздің құқығымызды өзгелерге таптатпауға тиістіміз. Шеттегі әрбір Қазақ Қазақ елінің назарында екендігіне сенуге тиіспіз. 

Кенжебек Құдысұлы 

Abai.kz

32 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1453
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1301
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1107