Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2902 0 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:53

Қырғызстанда "Ата Мекен" фракциясы лидеріне 70 мың доллар айыппұл салынды

Бішкектің Бірінші май аудандық соты "Ата мекен" фракциясы лидері Алмамбет Шыкмаматовқа қатысты сот шешімін шығарды. Бас прокуратура оған "Коррупция" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сот шешіміне сәйкес, саясаткерге 50 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде (5 млн сом) айыппұл төлеу міндеттелді.

Осыған дейін саясаткер Шыкмаматов өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп мәлімдеген.

Тергеу ісі бойынша, Алмамбет Шыкмаматов 2011 жылы Есеп палатасында аудитор болып тұрған кезінде, тендерлік комиссия мүшелеріне әйелінің көлігін қымбат бағаға тендірлік арызға қостырған. Оған қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Шыкмаматовпен бірге тағы екі адам сотта жауап берген. Олар - есеп палатасының бұрынғы аудиторы Жүсіп Иманалиев мен Түркия азаматы Әли Юксель. Иманалиев 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Прокурор Шыкмаматовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оны айыпты деп танып, 5 миллион сом (шамамен 70 мың доллардан асады) айыппұл төлеуді міндеттеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар