Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
46 - сөз 4232 1 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:25

Қасиетті елдің бір уыс топырағы бұйырса екен...

Қазақтың топырағын аңсаған қарияны көрдім. Теледидардан. Кеше. Кавказда жасы тоқсаннан асқан қария өлер шағында Қазақ елінің қара топырағын әкеліп бер деп ұлына тапсырма беруде.

"Қиын-қыстау заманда қудаланып қазақ жеріне келдік. Өздеріне жетпесе де балаларының аузынан жырып, бізге бір үзім нанын бөліп берді. Жылдар бойы сонда мекендеп, өркендеп, өстік. Енді өлер шағымда да сол қасиетті елдің бір уыс топырағы бұйырса екен" дейді қария.

"Өгей ұлт қадіріңді білсе игі, өзіміз құрметтеу міндет" деген ойға келдім соны көріп.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар