Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 4482 11 пікір 20 Желтоқсан, 2017 сағат 08:09

Алаш қайраткерлері жапондарды неге үлгі тұтқан?

Алаш қайраткерлерінің жапондарды неге үлгі тұтқанын енді түсіндім. Бұл жерде технологиялық прогрестен басқа, одан да бір күрделі нәрсе жатқан тәрізді.

Иә, жапондар Азия елдерінің ішінде еуропалықтармен бірінші болып өндіріс жағынан иық тірестіріп дамыған мемлекет. Алаштықтарды ең алдымен жапон халқының өзіндік болмысы қызықтырған секілді.

Жапония ешқашан біреуге бағынбаған мемлекет. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалғанымен, тағы ешкімге бодан болған жоқ. Соғыстан кейін тез ес жиып, аз уақытта қайтадан экономикасы дамыған мықты мемлекетке айналып шыға келді. Сағы сынған жоқ.

Алашордалықтарды жапондардың осындай өршіл, жасампаз рухы қызықтырғандай болып көрінеді. Біреуге бодан болған елде бәрібір құлдық мінез қалыптасады. 99 қазақтың бір орысқа бола орысша сөйлеп кететіні – тура сондай құлдық психология.

Біз қазір көзі қысық көршімізден қауіптенеміз. Қытайдан орыстар да сескенеді. Ал бірақ сол қытайлар жапондармен кездескенде, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, кәдімгідей қалтырап қалады екен. Бір жапон тұрған жерде, бір топ қытай соның қимылын бағып, тып-тыныш тұратын көрінеді.

Біз қазір алашордалықтарды күншығыс елінің жетістігіне қызыққан деп біржақты ойлап жүргендейміз. Мүмкін олар жапонның осындай ерекше мінезін бізден бұрын байқап қойған шығар, кім біледі?! Өйткені олар рух мәселесін, азаттық тақырыбын өте көп қозғаған еді ғой...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1595
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1497
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1246
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1214