Жұма, 26 Сәуір 2024
3461 2 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 09:38

Ташкентте НВ тілшісін алты сағат тергеп, видеоны өшіруін талап етті

Ташкентте "Настящее Время" телеарнасымен байланыс орнатқаны үшін тәуелсіз журналист Сид Янышевті милиция ұстады. Оны алты сағат бойы милиция бөлімінде тергеген, түсірген суреттері мен видеоматериалдарын өшірген соң ғана босатқан.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, Янышевті сүрілуге жіберілген аудан тұрғындарымен сөйлескені үшін ұстаған. Тұрғындарға билік үйлерін босату үшін он тәулік уақыт берген.

Журналист жергілікті тұрғындармен сұхбаттасып, оларды суретке түсірген. Бірақ оған екі милиция қызметкері келіп, Өзбекстанда "тәуелсіз журналист" деген түсінік жоқ екенін, журналистік қызмет атқару үшін міндетті түрде тіркелу қажет дегенді айтқан.

Сид Янышев НВ үшін Өзбекстанның шынайы өмірін көрсететін бірнеше сюжет дайындаған.

Өзбекстанда милиция тіркелмеген журналистерге ғана емес, туристерге де суретке түсіруге рұқсат бермейді.

Abai.kz

2 пікір