Жұма, 26 Сәуір 2024
3454 0 пікір 8 Желтоқсан, 2017 сағат 09:24

Қырғызстанда оқушыға сексуалдық зорлық көрсеткен мұғалімге шартты жаза берген

Қырғызстанда Қара көл қалалық соты мектеп мұғалімін 7 жасар қызға азғындық жасады деген айыппен 5 жылға шартты түрде жаза кескен. Бұл жөнінде Жалал-Абад облыстық соты хабарлады.

Мұнан бөлек сотталушыға үш жыл бойында тәлімгерлік іспен айналысуға тыйым салған.

Тергеу ісі бойынша, шілде айында 44 жастағы ер адам бірінші сынып оқушысын алдап, құрылыс алаңындағы жертөлеге апарып, азғындық жасаған. Қыз бала бұл жайында ата-анасына айтқан, олар бірден милицияға арыз түсірген.

Сот ер адамды Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің «Он сегіз жасқа толмағандарға күш көрсетусіз азғындық әрекет жасаған» деген 133-бабы бойынша айыпты деп таныған.

Abai.kz

0 пікір