Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4002 0 пікір 23 Қараша, 2017 сағат 15:29

"Енші" жайлы ел не дейді?

Жуырда "Енші" интеллектуалдық-танымдық тележобасы көрерменге жол тартады,-деп хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы. 

"Енші" жайлы ел-жұрт не дейді? Қазіргі телеиндустрия контентінде  "Зияткерлік сайыстардың маңызы бар ма?  Бүл туралы біздің тілшілер сұрап біліп қайтты.

-Жалпы қазіргі таңда телеэкраннан әртүрлі ойын-сауық бағдарламаларды көріп жүрміз ғой. Бұндай зияткерлік сайыстардың көп болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі, халықтың зияткерлік білімін өсіруге ықпал етеді. Үйдегі балаларымызды, әсіресе мектеп жасындағы балаларымызбен бірге сұрақтарға жауап іздей отырып, өзіміз де көп дүниелерді біліп жатамыз. Осындай бағдарламалар көптеп керек деп ойлаймын, - дейді Алматылық тұрғын Әдемі Сатыбалдиева.

Расында, қазіргі таңда Қазақстанның ақпарат нарығындағы телеарналардың дені негізгі контент ретінде түрлі ойын-сауықтық бағдарламаларды жұртқа ұсынып отыр.

-Жастардың талпынысына жол ашады, олардың дүниетанымын кеңейтіп,көзқарасын өзгертеді деп түсінемін. Мен интернеттегі ақпараттан "Енші" деген тележоба басталады дегенді оқығанмын. Әрине, қолдаймын. Себебі, дәл осындай зейінді артыруға бағытталған танымдық жобалардың болғаны әрбір ата-ана үшін пайлады, - дейді Алматы тұрғыны Мұрат Бисапа.

Сонымен енді аз уақытта "Енші" зияткерлік-танымды тележобасы эфирге жол тартады. Бұл білім додасы. Білімділер додасы.

Бағдарламаның басты мақсаты талантты жастарды тану, олардың оқуға қызығушылығын арттыру және білімді насихаттау. Бастысы, жан-жақты әрі білімге құштар, логикасы мен интуициясы дамыған жастарды көпшілікке таныстыру. Сондай-ақ, қазақтың ұмыт болған салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, тұрмыста қолданылған құрал-саймандарын дәріптеу. Төрт кезеңді қамтитын сайысқа 10-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс студенттері қатысады. Алғашқы айналымда тіл білімі, мәдениет, таным, дәстүрден қатысушыларға 15 сұрақ қойылады. Екінші айналымда ойыншылар «Тоғыз торап»-та аты айтып тұрғандай 9 түрлі тақырып төңірегінде өзара сынға түседі. Жобаның үшінші кезеңі «Жамбы ату» деп аталады. Бұл айналымда ойыншылар өздері қалаған ұяшыққа жамбыны орналастыру арқылы сұрақты таңдауға мүмкіндік алады. Соңғы айналымның сұрақтары қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы, салт-дәстүрлер, фольклордан келеді. Білім бәйгесінен оза шауып, артына қара салмаған қатысушы доданың бас бәйгесіне иелік етіп, еншісін алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар